Көптің тілегі ескерусіз қалмайды

Пятница, 08 Июль 2022 05:35 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1059 раз

koptin-tilegi

ҚР Парламент депутаттарының өңірлерге кезекті сапары жалғасуда. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының фракция мүшесі Ғани Ташқараев Ақжар елді мекенінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиынға көшбасшы партияның Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов қатысты.

Ақжарлықтар депутатқа бірқатар түйіткілді мәселелер бойынша сауал жолдап, тиісті жауаптарын алды. Мәселен, аталмыш тұрғын алаптың байырғы тұрғыны Сапар Төлегенов үшінші шаһардың қоқыс полигонынан жергілікті халықтың «тұншығып» жатқанын жеткізді. Оған қоса жаз маусымында қоқыс өртеніп, көк түтіннен көз ашпай қалатыны тағы бар. Тұрғын алаптағы тағы бір өзекті мәселе жаңа мектеп құрылысы екені де осы жиында айтылды. Халық саны күн санап артуда. Балалар Ақжардағы жалғыз мектепте үш ауысыммен оқуға мәжбүр.

– Кездесуде бірқатар әлеуметтік мәселе көтерілді. Халықты мазалап жатқан сұрақтардың басым бөлігі қоқыс мәселесі болып тұр. Жоспарға сәйкес еліміздің 6 өңірінде қоқыс өңдеу зауытын салу қажеттігі күн тәртібінде. Алдағы күндері үшінші қаладағы полигонға барып, өрттің шығу және оны сөндіру мәселесі бойынша «Green Line» ЖШС басшылығымен кездесу өткізуді жоспарлап отырмын. Сонымен қатар, білім басқармасының басшысымен және аудан әкімімен келісіп, жаңа мектеп құрылысына жер бөлу бойынша сұрақтың шешімін қарастырамыз» - деді Ғани Әбдіғаниұлы.

А.МҰХТАРОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Депутаттар – ЕЛ ІШІНДЕ COVID-19: дайындық қандай? »