Шымкенттің Сайрам тұрғын алабынан Қостанайға қарай көмек керуені жолға шықты. Қазақстан халқы Ассамблеясы, AMANAT партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Өзбек этномәдени бірлестігінің бастамасымен сайрамдық жанашыр азаматтар мен кәсіпкерлер, «Мейірім-Сайрам» қайырымдылық қоры тасқын судан зардап шеккен отандастарымыз үшін 5 тонна зат жинады.
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек беру жөніндегі өңірлік штаб жұмысын белсенді жалғастыруда. Қазіргі таңда қалада ҚХА белсенділері ашқан бекеттерде құны – 18,5 млн. теңгеден асатын 40 тоннаға жуық зат жиналған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталмыш құжат нормаларына сәйкес, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасына енгізілген бірнеше өзгеріс күшіне енді.
Шымкент қаласындағы Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі дуальді оқыту жүйесі бойынша көптеген серіктестерімен бірігіп, студенттерді фабрикаларға кәсіптік тәжірибеден өтуге жібереді. Студенттер фабриканың тыныс-тіршілігімен, жұмыс барысымен танысып, тәжірибе жинақтайды.
Ж.Тәшенов университетінің Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті «Химия және биология мұғалімін даярлау» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Жалпы химия» пәнінен ашық семинар сабағы өтті. Сабақ сайыс түрінде ұйымдастырылып, студенттер алған білімін, алғырлығы мен тапқырлығын көрсетіп, белсенділік танытты.
Білім сағат сайын жаңарып отырған заманда болашағына үлкен қадам жасайтын жас түлекке алдымен мамандықты, сонан соң сол кәсіптің қыр-сырын меңгертетін жоғары оқу орнын таңдау – үлкен жауапкершілік. Ал бүгінгідей бір мамандықты бірнеше университет оқытатын жағдайда талапкерге таңдау жасау, тіпті қиын.
Мемлекетіміздің заман талаптарына сай болуы, экономикасы мен қоғамдық қарым-қатынастары дамыған елдердің санатына жетуі – тәуелсіздіктің басты мақсаты. Осы орайда елімізде көптеген игілікті істер атқарылуда. Соның бірі – «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ АБАТТАНДЫРУ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ
Четверг, 11 Апрель 2024 11:07 Автор Редакция
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Жағдай расында, өте қиын. Мұндай ірі тасқын елімізде болмағанына сексен жылға жуықтапты. Он аймақта төтенше жағдай жарияланған. Қазір «менің үйім тысқары» деп сырттан қарауылдайтын уақыт емес. Жердің тоңы қалың. Сіңбеген қызыл су күрт көтеріліп, елді мекендерге қатты қатер төндіріп жатыр. Үндеуде Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат…
немесе Сіздің жан дүниеңізді ешқандай сыртқы күш өзгерте алмайды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың наурыз айында өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында «Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам.…