Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
Өткен жылдың соңы мен биылғы көктем елімізге ауыр сынақ әкелді. Ғалымдар адамдар өзгеріп барады дейді. Табиғат та шәлкем-шалыс келіп тұр. Арқада қарашаның аяғында жаңбыр жауып, артынша қасат қардан сірескен мұз басып қалды. Тебіндегі жылқының тұяғы кертілді. Мыңдаған жылқы жем-шөпке жарымай, аязда қатып қалды. Жұт деген…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында аға буынға үлкен аманат жүктеді. «Аға буын жас ұрпаққа жол нұсқап, бағыт-бағдар беруі керек. Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, білімді жастар көп. Біз олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет» деді. Бұл орайда Шымкент қалалық Ардагерлер…
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі және Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережесі бекітілген.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мұратжан Омарбекұлы Акишев 2023 жылдың 10 және 24 сәуір күндері сағат 15-00-ден 16-00-ге дейін мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды жеке қабылдау өткізеді (Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10).
Шымкентте тіркелген заңды тұлғалар саны 2024 жылғы 1 наурызға 28436 бірлікті құрап, 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,3% артты. Оның ішінде 100 адамнан кем қызметкері бары – 27993 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар 22910 бірлікті құрады, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 22474 бірлік.
Сел – су, құм жəне тастардан тұратын үлкен деструктивті күш ағыны. Ол ғимараттарды, жолдарды, байланыс желілері мен құрылыстарды бұзуға, бақтарды жойып, егістік жерлерді толтыруы, адамдар мен жануарлардың өліміне əкелуі мүмкін.
Мемлекеттік органда жұмыс істейтін қызметкерлердің өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайлылығы анықтама алу үшін шеті мен шегі жоқ кезекті қолдан жасау тұрғындарды пара беруге итермелейді.
Шымкент қалалық қуғын-сүргін құрбандары музейі «Ерлік» бөлімі мен С.Рахымов атындағы «Жас ұлан» мектебінің ұйымдастыруымен «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кеш өтті. Жиын «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, болашақ Отан қорғаушыларға кешегі өткен тарихымызды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.
Көне Сайрам – Қазақстанның ең байырғы мекендерінің бірі. Жергілікті аңыз әңгімелер бұл қаланың негізін Ыдырыс пайғамбар қалаған деп санайды. «Сияри Шариф» дейтін кітап бойынша Ыдырыс пайғамбардың өткеніне 7200 жыл болған. Күнге табынушылардың киелі кітабы «Авесто»-да Сайрам туралы жазылған. Бұл кітапқа 3000 жыл болды. Ғұлама, тарихшы…