Шымкентте студенттер тегін профилактикалық тексеруден өтуде. Студенттік емхана мамандары «Денсаулығыңды бағала» акциясы аясында қаладағы орта және жоғарғы оқу орындарының студенттерін дәрігерлік тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда ем-шаралар тағайындауда. Бұл үрдіс аурудың алуға, дені сау ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады дейді мамандар.
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кәсіпкер, жазушы Данияр Беркімбаевтың «Нар тәуекел» кітабының таныстырылымы өтті. Мәдени іс-шара «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында орналасқан кітапханада өтті. Кітаптың таныстырылымына мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапсүйер қауым қатысты.
Жоғарғы санатты дәрігер инфекционист Имангалеева Эльвира Қанатқалиқызы 2006 жылдан Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында балалар инфекционисі қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген.
Қазақта «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» деген аталы сөз бар. Су басқан аймақтарға гуманитарлық көмектен бөлек алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласынан да құтқарушылар аттанған болатын. Олар үлкен ерлік көрсетті.
баға қолжетімді, қызмет сапалы болуы керек Батыс Еуропа - Батыс Қытай күре жолы бойында орналасқан Шымкент – туризмді дамытуға өте қолайлы қала. Түркі жұртының рухани астанасы атанған Түркістанға, Алатау, Қаратау мен Қазығұрт тауларының тұмса табиғаты аясында орналасқан түрлі демалыс аймақтарына, Ақсу-Жабағылы қорығына, Сарыағаштағы шипажайларға, тіпті…
Шымкентте туризм және мейрамхана ісін дамытуға қатысты семинар-тренинг өтті. Бұл жолы спикер ретінде Украинадан мейрамхана консалтингі бойынша халықаралық сарапшы Денис Мельниченко мен ҚР Өзін-өзі реттейтін қоғамдық тамақтандыру ұйымының төрағасы, тамақтану қызметі бойынша сарапшы Вероника Нурпеисова келді. Семинарды «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.
Шымкентте дүниежүзілік жер күніне орай семинар өтті. ASA жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өткен семинарға 40-қа жуық жас қатысып, қазіргі климаттық жағдайдың бұзылуы жөнінде дәріс тыңдады. Қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алу туралы ой бөлісіп, түс қайта дендробақта ағаш егу дәстүрімен жалғастырды.
Шымкент қаласы Дін басқармасының ұйымдастыруымен қала жастары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Noextremism, Noterrorism» акциясы өтті. Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Шымкент көпсалалы колледжінде болып, жастарға қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық…
Атақты суретші Леонардо Да Винчиді білетін боларсыз. БЦП диагнозы қойылған солақай суретші – әлемге танымал Мона Лиза картинасының авторы. Дәл осындай ерекше жандардың ішінде есімі әлемге әйгілі тұлғалар жетерлік: Моцарт, Эйнштейн, Мария Кюри, т.б.
2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды. Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді.