Шымкент тұрғындары жаңа көлігін автосалонда тіркей алады

Вторник, 17 Май 2022 10:47 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 2487 раз

Автосалоннан жаңа көлік алатын тұтынушыларға көлікті мамандандырылған ХҚО-да тіркеудің қажеті жоқ. Темір тұлпарды тіркеп, мемлекеттік нөмірді таңдап, техпаспортты тікелей автосалонда рәсімдей аласыз. "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының қызметкері жаңа «Hyundai Otyrar» автосалонында қызмет көрсетеді. Бұл жоба туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

 

salon

 

– Бұған дейін жаңа көлік сатып алғанда азаматтар қала сыртындағы мамандандырылған ХҚО-ға баруы керек болатын. Ал қазір автокөлік иелері құжаттарын тез әрі ыңғайлы алуы үшін австосалонда біздің қызметкер дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Жоба жүзеге асырылғалы автосалонда 20-ға жуық автокөлік тіркелді, - деді «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Айта кетейік, жүргізуші куәлігін ауыстыру, автокөлікті қайта рәсімдеу, нөмірлік белгіні таңдау, есепке қою, мемлекеттік нөмірді жеткізу қызметтерін eGov.kz порталында рәсімдеуге болады.

Последнее изменение Вторник, 17 Май 2022 10:51
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.