Бірыңғай жиынтық төлемге не кіреді?

Среда, 13 Июль 2022 10:26 Автор  Опубликовано в Заң Прочитано 1598 раз

2019 жылдың 3 қаңтарында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР Салық кодексіне өзгерістермен толықтырулар болып бірыңғай жиынтық төлем енгізілген. Оның ішінде, басқа әлеуметтік төлемдермен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы да бар. Бұл төлем азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлемді еңбек етіп жүрген, жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар төлейді.

Төлем республикалық, облыстық маңызы бар қалаларда қала тұрғындары үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) болса, немесе 3 063 теңге, ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңгені құрады.

Айлық есептік көрсеткіш мөлшері бүгінгі таңда 3 мың 60 теңгені құрап отыр.

Бірыңғай жиынтық төлемнің үлесі:

• жеке табыс салығы - 10 %;

• мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар - 20 %;

• Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына - 30 %;

• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40 % құрайды.

С. ҚҰРАЛБЕК, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры
Шымкент қалалық «№12 емханасы»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.