Жолың болсын, жас түлек!

Среда, 01 Июнь 2016 09:12 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5161 раз

Шымкент қаласы әкімінің талапкерлерге, ата-аналарға
ҮНДЕУІ

akimҚұрметті талапкерлер,
ата-аналар!

Жастық өмірдегі алғашқы үлкен сынақтардың бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыратын талапкерлерге төмендегідей орамды ойлар айтқым келеді.
Сіздер үшін үлкен өмірге аттанар сәттегі ең жауапты кезең де келіп жетті. Алғашқы емтихан тапсырған кезіміз әлі күнге дейін есімде. Ол күн ата-анамыздың да жадында екені белгілі. Өйткені, бұл күн – ұрпақтарының жоғары білім кеңістігіне нақты қадам басатын алғашқы баспалдағы болатын.
ҰБТ кезінде тек сіздер ғана емес, бүкіл отбасы мүшелеріңіз толғаныста болатыны анық. Сынақ кезінде күйзеліспен күресе білу керек. Әрі ойды жинақтай білу шарт. Талапкердің мұнда тек білім қабілеті ғана емес, жауапкершілігі, өмірлік тәжірибесі де маңызды рөл атқарады. Талапкер үшін маңызды факторлардың бірі – туған-туыстарының қолдауы. Балаңыз жоғары оқу орнына түспей қалса, оған бола жасөскінді кінәлап, одан трагедия жасамауға тырысыңыздар. Қайта оның өзіне деген сенімін күшейтіп, жігерлендіріңіз.
Жас талапкер қатты қобалжыған сайын қателікке бой алдыра береді. Сіз әрдайым оның ішкі толқынысын басып, уайымын азайтуға жәрдем беріңіз. Емтихан – бұл тек керек қасиеттерді ғана сұрыптайтын сүзгі, күйзелісті жеңе білу, қандай жағдайда болмасын қиындықты жеңіп шығуға және мықты болуға ұмтылу. Жастар есейген сайын алдынан көптеген өмір сынақтары күтеді. Сондықтан Сіздерге тек сабыр мен төзім тілеймін. Өмірлеріңіздің жалғасы – ұрпақтарыңыздың алдағы дүбірлі білім бәсекесінде сәттілік жолдас болып, мерейі үстем болсын! Алдағы келе жатқан білім додасында (ҰБТ) әрқашан биіктерден көріне беруіне тілектеспін!

Құрметпен
Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ,
Шымкент қаласының әкімі


P.S. Ертең елімізде мектеп түлектері үшін үлкен сынақ болып саналатын ҰБТ-ның алғашқы күні басталады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.