Версия для печати

Білім саласы цифрландырылуда Избранное

Среда, 14 Февраль 2018 04:28 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3790 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Еліміздің жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін бірінші міндет индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деген болатын.

1111

Бұл тапсырма өңіріміздегі білім беру саласында жоспар бойынша орындалуда. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылы облыста балаларды мектепке электронды түрде қабылдау жүйесі енгізілген. Ондағы мақсат – балаларды мектепке орналастыруда ашықтықты, айқындықты қамтамасыз ете отырып, адами фактордың орын алуына жол бермеу. Былтыр осы жүйенің көмегімен қала мектептерінің 1 сыныбына 21 945 оқушы қабылданса, 23 395 бүлдіршін балабақшаға барып жүр.

– Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарға көңіл бөлу мәселесі де қолға алынды. Айталық, мұғалімдерді іріктеудегі ашық конкурс, оқушыларды мектепаралық ауыстыру және жеке іс-парағын жүргізу процестері электронды түрде атқарылуда, – дейді Исатай Өмірзақұлы.

2222

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы білім беру мекемелеріне ұстаздарды қабылдау жұмыстары да электронды жүйеге ауысқан. Жұмыс іздеген кез-келген азамат www.thunter.shymkent.gov.kz сайтына кіріп, мұғалімдер үшін қандай бос жұмыс орындары жарияланғанын біле алады және құжат тапсыруға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңға дейін жаңаша жүйемен 501 педагог жұмысқа қабылданған.

Бұл жүйе мектептердегі оқу-тәрбие ісінде де тиімді пайдаланылуда. Атап айтсақ, қаладағы 40 мектепте электронды басқару аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілген. Жаңа жүйе орнатылған мектептерге жүргізілген талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша алдыңғы жылдармен салыстырғанда соңғы оқу жылында оқушылардың сабақтан себепсіз қалу деңгейі 75%-ға кеміп, сабақ үлгерімі 12%-ға пайызға жоғарылаған.

Айта кетейік, жобаның нәтижесінде балабақшаға жолдама алу, қызметке тұруда пара талап ету, балаларды мектепке орналастыруда тамыр-таныстыққа жол беру туралы наразылық білдірген қала тұрғындарының арыз-шағымдары айтарлықтай төмендеген.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.