Жаңа атау – жаңа бағыт! Избранное

Пятница, 29 Март 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 5000 раз

Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университеті жаңа атауға ие болды. Енді бұл оқу орны «Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті» аталады.

IMG 4324

Осыған орай білім ошағында «Ашық есік күні» өтті. Оған мектеп оқушылары, қалалық білім басқармасының өкілдері мен депутаттар қатысып, жоғары оқу орнының білім беру бағдарламаларымен танысты.

Мұнда оқытудың кредиттік жүйесі енгізілген, бакалавриат пен магистратура бойынша мамандық дайындаудың екі сатылы бағдарламасы қамтамасыз етілген.

Материалды-техникалық база да біршама нығайып отыр. Атап айтқанда университет кітапханасында автоматты «Ирбис-64» жүйесі орнатылған, ал ҚР білім және ғылым министрлігімен байланыс «PLATONUS» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұл жоғарғы оқу орны осыдан 20 жыл бұрын құрылған. Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлы – профессор, химия ғылымдарының докторы, Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі.

Арман СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.