NIS Шымкент оқушылары соғыс ардагерлерімен кездесті

Среда, 11 Май 2022 04:43 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 918 раз

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Тыл ардагерімен кездесуге барып қайтты. Ұлы аяқталғаннан кейін тылда еңбек етіп, жазушылық жолында еңбектерін соғыс тақырыбына арнаған 82 жастағы Тұрдалы Османовтың шығармаларымен танысты. Қанды жылдардың оқиғаларын 92 жастағы  Абылай Қазыбаевтан естіп, Алексей Андреевтің денсаулығын сұрап қайтты. Ардагерлер оқушыларға сапалы білім алып елімізді көркейту ұрпақтың міндеті екенін жеткізді.

220

 

Ал мектептің «Жас қыран» әскери патриоттық командасы «Ұлы Жеңістің 77», «Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рақымовтың 120 жылдығына» орай ұйымдастырылған республикалық «Кәсіпқой маман армия негізі»  олимпиадасына қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

 

221

Мектеп ішінде де айтулы күн аталып өтті.  «Тарихқа тағзым» тақырыбында кітапхана дакітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге тарихтағы ең ірі соғыстар мен соғыс тақырыбында жазылған қазақ жазушыларының кітаптары қойылды. Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының «Ұшқан Ұя» мен Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен Аңыз» шығармасы оқушылардың ерекше назарына ілінді.

Сонымен қатар оқушылар білім ордасының алаңшасында «Бейбітшілік» тақырыбына сурет салу челленджін жасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.