Шымкент қалалық орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесіне қарасты №7 кітапхана бөлімшесінде «Қазақстандағы киелі жерлер» атты көрме жасақталды. Осы көрме аясында «Отырар алқабындағы қасиетті орындар» атты іс-шара ұйымдастырылып, оған кітапхананың жас оқырмандары қатысты.
Отырар өңірінде қазақ тарихында айрықша орны бар киелі жерлер жетерлік. Ел тарихына бойлап, орта ғасыр мәдениеті мен шаруашылығынан сыр шертіп, онда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары арқылы анықталған деректер мен жәдігерлерді таныстыруды мақсат еттік.
Көрмеде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында жарық көрген Е.Шоқай мен С.Пәрменқұлдың «Отырар алқабындағы қасиетті орындар» кітап-альбомы таныстырылды. Жас оқырмандар ондағы тың деректермен сусындап, олардың өңірдегі өзге де тарихи ескерткіштер мен киелі орындарды зерттеуге деген құлшынысы артты.
А.ҚҰРМАШОВА, Шымкент қалалық орталықтандырылған
балалар кітапханалар жүйесіне қарасты
№7 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі