Мектебі мықты мемлекеттің өзі де мықты
Четверг, 09 Март 2023 04:47Өткен жұмада Шымкент қаласына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен келіп, білім саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге «Шымкент қаласының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасын» бекіткен министр отандық білім беру жүйесінің алдағы уақытта қалай дамитыны жайлы әңгімеледі.
Осынау келелі кеңестен түйген ойларымызды оқырмандармен бөліссек дейміз...
ӘЙЕЛ КҮЛКІСІ – ҒАЛАМДЫҚ ҚУАТТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
Четверг, 09 Март 2023 04:38гендерлік теңдік сол қуатты ел дамуына бағыттайды
Әйел адамның бойында, күлкісінде, оның көзінен төгілген шуақта адам айтып жеткізгісіз сарқылмас энергия бар. Өзіңіз қараңызшы, қай үйде әйел өзін жайлы, бақытты сезінсе, үнемі күліп-ойнап, көтеріңкі көңіл-күймен жүрсе, өз өміріне дән риза болса, сол үйде жарасымдылық та, молшылық та, бақ-береке де болады. Ондай үйдің ер азаматы әрқашан табысты болып, тәрбиелеп өсірген ұл-қыздары да жақсы адам болып өседі.
«ӨЗІҢЕ СЕН, ОТБАСЫҢА СЕН, ЕЛІҢЕ СЕН»
Четверг, 09 Март 2023 04:31Шымкент қаласында SEN 1-ші қазақстандық жас әйелдер форумы өтті. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған форумға Шымкент қаласының іскер әйелдері қатысты. Форумның мақсаты – жас әйелдерді, қыз-келіншектерді өмірде табысқа жетуге ұмтылдыру.
«ЖЫЛЫНА 1 ПАЙЫЗБЕН ТУЫСҚАНЫҢ ДА ҚАРЫЗ БЕРМЕЙДІ...»
Среда, 01 Март 2023 05:51немесе «Іскер қала» бағдарламасы – бизнеске қолдау көрсетудің тиімді құралы
Қазақстанның қуатты мемлекет болуы өңірлердің өркендеуімен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда алдағы жылдары Шымкент дотациялық аймақтан донор аймаққа айналуы тиіс. Негізінде 2018 жылы республикалық мәртебеге ие болған үшінші мегаполистің алдына ортақ қазынаға қол жайып қарамайтын, Алматы мен Астана сияқты өзін-өзі қамтамасыз ететін, тіпті, қажет болған жағдайда республикалық бюджетке табыс әкелетін қала болу міндеті қойылды. Әрине, мұндай міндеттің ауыртпалығы зор. Ол үшін қалада өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту қажет. Қазір Шымкент қаласының әкімдігі осы бағытта ауқымды жұмыс атқаруда.
ШЫМКЕНТ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫНДА ӨСІМ БАЙҚАЛДЫ
Среда, 22 Февраль 2023 04:01Шымкент қаласының 2023 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қортындылары жарияланды. Мәліметтерге сүйенсек, осы кезеңде қалада 70.3 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл 2022 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 8.2 пайызға жоғары.
САЙЛАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН МАҢЫЗДЫ САЯСИ НАУҚАН
Среда, 22 Февраль 2023 03:56Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді. Бұл күні шымкенттіктер өз таңдауын жасайды. Қазіргі таңда үміткерлерді тіркеу аяқталып, 19 ақпаннан бастап үгіт-насихат кезеңі басталды. Сайлау тәртібінің ерекшеліктері, үміткерлер мен сайлаушылар білуі тиіс заңдылақтар және өзге де сауалдарға Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мелдебек ӘДІЛБАЕВ жауап береді.
Шымкенттің қырық жылдық проблемасын шешкен инвестор
Пятница, 17 Февраль 2023 04:58«СТАНДАРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ – МЕМЛЕКЕТ ПЕН БИЗНЕС СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖАРҚЫН МЫСАЛЫ
Елімізде жүзеге асырылып жатқан жаңа экономикалық саясат «Мемлекет – бизнес – азамат» үштігі арасында өзара жауапкершілікке негізделген әділетті қарым-қатынас орнатуды көздейді. Яғни, мемлекет заң аясында баршаға бірдей мүмкіндіктер берілуін, әділетті бәсекелестік ортаның қалыптасуын қамтамасыз етсе, ұлттық буржуазия қолындағы ірі капиталын өз елімізге, өз еліміздің өнеркәсібі мен инфрақұрылымын дамытуға жұмсап, сапалы жұмыс орындарын ашып, салықтық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауы шарт.
СПОРТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ҮЙІР ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ
Среда, 15 Февраль 2023 04:40Шымкентте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды бұқаралық спортқа белсенді түрде тарту жөніндегі тапсырмасы тиянақты түрде орындалып жатыр. Мәселен, биыл Шымкент қаласында 20 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне қатысады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы тиісті қаржы қаралған.