ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Избранное

Пятница, 23 Декабрь 2022 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2685 раз

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессияға Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мақсұт Исахов қатысты.

136

 

Сессияның күн тәртібінде Шымкент қаласы мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы» 2019 жылғы 29 наурыздағы шешiмiне өзгеріс енгізу мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар депутаттар корпусы Боранбай Болатбековтің Шымкент қаласындағы жаңадан құралған Тұран ауданының әкімі лауазымына тағайындалуына келісім берді.
Айта кетейік, Б.Болатбеков бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінің энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарып келген болатын.