«ШЫМҚАЛА» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ САМАУРЫНДАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Избранное

Пятница, 28 Июль 2023 04:25 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 2533 раз

Көрмеге ХІХ ғасырдан бүгінге дейінгі шаһар халқының тұрмыста пайдаланған самаурындары қойылған. Тарихи кезеңіне сәйкес самаурындар жез, мыс және түрлі материалдан дайындалған. Оттығын түтін мүжіген бұл самаурындар берекенің, бірліктің көзіндей боп бізге жеткен.

660

 

Самаурын – көненің көзі. Жалпы, самаурын қазақ даласына 19-шы ғасырда келгенімен, ұлтымыздың табиғатымен біте қайнасып кеткен тұрмыстық бұйым. Тіпті самаурынды қазақтың өзінің төл бұйымы секілді көретініміз де шындық. Көрмедегі самаурындар – қазақтың қонақжайлылығы мен кеңпейілдігінің, берекелі дастарханы мен байлығының белгісіне айналғанын білдіреді.
Самаурынның шығыс халқына тән түрі – құман самаурындар. Бұрынғы шәй құмандары күнделікті қолданыстағы шәугімге ұқсайды. Халықтың шәй қайнататын осы бір бұйымы орта ғасырдан бастап жасалған деген деректер бар. Құман-самаурынға қарап, самаурындардың әр елде әр формада болғаны байқалады. Көне шаһар тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін көрмеде қолданылған самаурынның түр-түрін көруге болады.
Айта кетсек, Шымкентте 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашықтың орнында ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізілген болатын. 2021 жылы бұл орын «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.