Наурыз береке мен бірліктің мерекесі

Пятница, 20 Март 2015 06:40 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 7113 раз

Наурыз — жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Мағынасы: парсының «нау» — жаңа, «руз» — күн, яғни «Жаңа күн» деген сөзінен шыққан. Наурыз атауы бір-ақ күн жөнінде айтылғанмен ол толық ай атын иеленген. Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңесіп, Жаңа жыл келеді. Наурызды жыл басы, көктем басы, мереке басы деп санайтын халқымыз — «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше құрметтейді. Жылдың бірінші күні (22 наурыз) мереке ретінде аталып өтеді.

Ұлыстың ұлы күнiмен!

2090Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары
және қонақтары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз Наурыз – халқымыздың ежелден желісі үзілмей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бізге жеткен және айрықша салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Сондықтан да Наурыз мерекесі – біз үшін қасиеті ерекше күн. Осындай айтулы мереке күні Сіздерге бақытты да баянды ғұмыр, дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге қуаныш, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін. Жаңа келген жыл басы құтты болсын! Наурыз шуағы жандарыңызға қуаныш сыйласын! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа толағай табыстар мен жақсылықтар әкелсін!

Ұласбек Сәдібеков,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.