Театр көрерменімен онлайн қауышуда

Четверг, 30 Апрель 2020 10:15 Автор  Опубликовано в Мәдениет Прочитано 525 раз

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні еліміз үшін орны ерекше, маңызы зор мейрамның бірі. Әсіресе, дәл бүгінгідей уақытта халқымыздың бірлігі мен тұтастығы айрықша білінеді.

 

 

mamyr-1

 

 

 

 

Індетпен күрес қызып, төтенше жағдай жариялан карантин кезінде үйлерінде отырған жерлестеріміздің көңілін аулау мақсатында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының әртістері де сырт қалмай, көрермендерімен әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шығуда.

Күнгей өңірінде 37 жылдан астам тарихы бар балаларға арналған өнер ордасының екі труппасы да қазақ және орыс тілдерінде онлай режимде жұмыс істеуде, дейді театр мамандары.

 

 

mamyr-3

 

 

    

  – Карантин жарияланған сәуір айының басынан бері өнер ордамыздың жұмысы да жаңа тәртіппен жүруде. Онлайн көріністерді қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ыбырай Алтынсариннің ертегілері мен Ахмет Байтұрсыновтың мысалдарын оқудан бастадық. Одан кейін театрымыздың майталман әртістері бала жанының рухани баюына үлкен септігін тигізіп, тәрбие дәнін себетін қазақ халық ертегілері мен батырлық эпос «Алпамыс», «Керқұла атты Кендебай», «Бәрекелді, кірпі!», «Аленький цветочек», «Теремок» және т.б. қойылымдары көрермендер назарына ұсынудамыз, - деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Айгерім Сапарбекова.

 

 

Өнер шаңырағының ұжыммы бұған қоса балалардың өй-өрісін дамыту мақсатында түрлі танымдық іс-шаралар, «Тыңда, ертегі балақай!» айдары, поэзия сағаттары, қазақтың ұлттық ойындары мен сергіту би-жаттығулары видео көріністер мен челлендждер арқылы ұсынуда.

 

 

Ал 1 мамыр күніне орай театрдың әлеуметтік парақшаларынан қуыршақ кейіпкерлері түрлі ұлт өкілдерінің әндері мен билерінен маржан шашып, «Ынтымақ – бірлік бұлағы» атты көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлайтын онлайн-жоба ұсынбақ.

 

 

 

mamyr-2

 

 

 

Сонымен қатар, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, ауқымды әдеби онлайн-марафон көрсету, 21 мамыр – Мәдениет өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай жасөспірімдерге арналған шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» драма-элегиясын онлайн көрсету жоспарлануда.

 

 

Театрдың әлеуметтік парақшалары:

Youtube: Shymkent quirshaq online teatr;

Facebook: Қуыршақ және жасөспірімдер театры;

Instagram»: teatrkukolshym

Последнее изменение Четверг, 30 Апрель 2020 10:24
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.