×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жобалар жүзеге асырылуда

Вторник, 02 Декабрь 2014 03:08 Автор  Опубликовано в Экономика Прочитано 6190 раз

Әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бүгінде өз кәсібін дөңгелетуге ден қойған ел азаматтарына айтарлықтай сеп болуда. Бұл орайда, мемлекеттік бағдарламаның игілігін көріп, жәрдем алған белсенді топтың үлес салмағын сараптар болсақ, шымкенттік кәсіпкерлердің қатары қалың екенін аңғарамыз.

7ef3b4d5eb1408735ff82478b0028e1fТек ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020»бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 57 жобаның қаржыландырылуы жоспарланған болатын. Күні бүгінге дейін жалпы саны 79 жоба мақұлданып, межелі жоспар 139 пайызға орындалған. Нақтылай кетсек, бағдарламаның бірінші бағыты, яғни, несиенің пайыздық мөлшерін субцидиялау бойынша 62 жобаға қолдау көрсетіліп, 20 миллиард 1 миллион теңгенің жәрдемі көрсетілген. Сондай-ақ, банктегі несиелерді кепілдендіру бойынша – 4 жоба, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында – 1 жоба, грант негізінде – 7 жоба іске асырылған. Ал, үшінші бағыт, яғни, экспортқа бағытталған банктегі несиелерді субсидиялау бойынша тиісінше, жалпы құны 4 679,7 миллион теңгені құрайтын 5 жоба қолдау тауып отыр.  
– Жалпы, аталмыш бағдарлама Мемлекет басшысы артқан сенім үдесінен шықты деп толық айта аламыз. Әлем елдерін әбігерге салған дағдарыс кезінде қабылданған құжат қоғам үшін өзінің қажеттілігін байқатып, айтарлықтай нәтиже беруде, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асқар Қаныбеков.
Сонымен қатар, биыл «Максимум» аймақтық инновациялық орталығы» ЖШС-і арқылы 1 846,3 миллион теңгені құрайтын 32 жоба мақұлданған. Ондағы жылдық қаржы несиелері 7 пайызбен, ал, лизинг несиелері 8 пайызбен ұсынылғанын да атай кеткен жөн.