«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР БАС ҚОСТЫ
Пятница, 05 Апрель 2024 06:44Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасына қатысатын компания өкілдері, жобаны үйлестірушілер кездесті. Палата жанындағы құрылыс және логистика салалық кеңесі аясында өткен жиын ұлттық жобаны Шымкент қаласында сәтті жүзеге асыру мәселелеріне арналды. Осы мақсатта мектеп құрылысының бас мердігерлері мен қажет жабдықтарды жеткізушілер ортақ диалог алаңында жиналды.
ТІЛ БІЛГЕН ТІЛЕГІНЕ ЖЕТЕДІ
Пятница, 05 Апрель 2024 06:38Қоғамда ағылшын, қытай, корей тілі сынды бірнеше тілде сөйлеу – жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұлға ретінде өсуге және дүниетанымның кеңейіп, мәдени түсіністікті дамытуға ықпал ететін құнды дағды. Жаһандану және технология дәуірінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие маман болу үшін тіл меңгеру үлкен маңызға ие.
ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ...
Пятница, 05 Апрель 2024 06:34Бүгінде үлкен қалаларда тіл үйрету бұрыштары көбейген. Оның ішінде, әсіресе, ағылшын тілі курстарын жиі кездестіресіз. Әр қиылыс, әр шағын ауданнан «Ағылшын тілі курсы», «3 айдағы ағылшын тілі» сынды жазбасы бар маңдайшаларды көріп жүрген боларсыз.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТҰЛЫ КОЛЛЕДЖІ АШЫЛДЫ
Пятница, 05 Апрель 2024 06:32Шымкентте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанынан Жүсіпбек Аймауытұлы атымен аталатын колледждің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оқу орнының ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева және білім басқармасына қарасты колледждердің басшылары қатысты.
«Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы»
Пятница, 05 Апрель 2024 06:31Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Мерейтойға орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Театр – өнеге көзі, тәрбие ошағы» атты өнер кеші өтті. Кешке студенттер, кітапхана оқырмандары, өнерсүйер қауым қатысты.
Мемлекет басшысы Республикалық штабтың отырысын өткізді
Среда, 03 Апрель 2024 04:45Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.
БАТЫСҚА ҚАРАЙ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Среда, 03 Апрель 2024 04:44Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары кәсіпкерлемен бірігіп, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Керуен көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шай, дәнді дақыл түрлері бар. Қаражат жинауды үшінші шаһардың депутаттары бір ауыздан мақұлдап, қол ұшын созуға ниет білдірді.
ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Среда, 03 Апрель 2024 04:43Шымкентте ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде қалада 5500-ден астам шаруа қожалығы, 50-ге жуық қайта өңдеуші кәсіпорындар 50,0 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірді.