БАТЫСҚА ҚАРАЙ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ Избранное

Среда, 03 Апрель 2024 04:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 221 раз

Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары кәсіпкерлемен бірігіп, Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Керуен көлігінде көрпе-төсек, жылы киім, резеңке етік, рация мен құтқару жұмыстарына қажетті заттар, сонымен қатар азық-түлік, оның ішінде макарон өнімдері, май, шай, дәнді дақыл түрлері бар. Қаражат жинауды үшінші шаһардың депутаттары бір ауыздан мақұлдап, қол ұшын созуға ниет білдірді.

KoMek

 

— Еліміздің бірнеше өңірінде орын алған су тасқыны қабырғамызды қайыстырып отыр. Қиындыққа душар болған отандастарымызға қолдан келген көмекті аянып қалмаймыз. Әрине, мүлік те, үй де қайта қалпына келтіріледі. Дегенмен оған дейін де үйсіз-күйсіз қалған халыққа көмек керек. Сондықтан да «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, қолда барымызды бөлісейік. Бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Су тасқынынан зардап шеккен ағайынға гуманитарлық көмек қолын созуды азаматтық парызымыз деп білемін. Қайырымды іске кәсіпкерлер, халық қалаулылары қолдау көрсетіп жатыр,—деді Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы
Б.Нарымбетов.
Сондай-ақ, керуенмен бірге «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері де су тасқыны орын алған аймаққа аттанды. Айта кетейік, ел басына күн туғанда көмек қолын созуға ниетті жандармен бірге алаяқтар да көбейіп кетеді.Сондықтан қоғам белсенділері көмекті тек арнайы қорға ғана жолдаған дұрыс дейді.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.