ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ...

Пятница, 05 Апрель 2024 06:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 81 раз

Бүгінде үлкен қалаларда тіл үйрету бұрыштары көбейген. Оның ішінде, әсіресе, ағылшын тілі курстарын жиі кездестіресіз. Әр қиылыс, әр шағын ауданнан «Ағылшын тілі курсы», «3 айдағы ағылшын тілі» сынды жазбасы бар маңдайшаларды көріп жүрген боларсыз.

 

Көп тіл білген адамның өрісі кең. Мәселен, өткен ғасырда халықаралық байланыс үшін француз тілі қолданылса, бүгінде ағылшын тілін меңгерген кісіге кедергі жоқ. Заман талабына сай білім беру мақсатында мектептерде де білім үш тілде– қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
Жасөспірімдер тілді тез меңгеру үшін өз орталарында жаргон сөздерді қолданып, енді бірі фильмдерді субтитрмен немесе таза ағылшын тіліндегі нұсқасын көріп, өзін ширатып жатады. Жалпы, көпшіліктің көкейінде «Қазақстанда ағылшын тілін меңгеру қаншалықты маңызды?» деген сауал тұруы мүмкін. Жоғарыда атап өткендей, көп тіл білу көп мүмкіндік береді. Тек тіл мамандары үшін ғана емес, түрлі сала мамандары мен кәсіп иелері үшін де тигізер пайдасы мол. Мәселен, тіл білімін ақпарат кеңістігінде өте тиімді пайдалануға болады. Яғни, аудармасы жоқ тың деректерді өз тілінде оқып, қажетіңізге қолдана білсеңіз немесе қызмет барысында пайдаланып, тіпті мансаптық жолда өсуіңіз де мүмкін. Шекара асып, шетелге саяхаттап жатсаңыз да, ағылшын тілінде қажетіңізді сұрап, ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, саяхаттай аласыз.
Неғұрлым көп тіл білсеңіз, қолыңызда соғұрлым көп күш болады. Алайда бұл ағылшын тілінен басқа тілді оқымаңыз деген сөз емес. Себебі, әрбір тіл жаңа мемлекетті, оның мәдениеті мен әдбиетін тануға мүмкіндік беріп, дүниетанымыңызды кеңейтеді. Яғни, ойымды «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деген сөзбен түйіндегім келеді. Тіл үйреніп, өрісіңізді кеңейте түсіңіз.

Алима САМЕТ,
Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік
орталығының ағылшын тілі оқытушысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.