Ұлт жоспары – жетістікке бастайтын жол

Пятница, 01 Апрель 2016 04:22 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3657 раз

iЕлбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру мақсатында қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары өз деңгейінде орындалып жатыр. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева осылай деді.

– «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда Президент Жарлығы бойынша арнайы ұлттық комиссия құрылып, негізгі ұйымдастыру жұмыстары өткен жылы басталған. Бес жұмыс тобының құрамына Парламент депутаттары, отандық және халықаралық сарапшылар тартылды. Ұлт жоспары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Комиссия жұмысы Елбасының тұрақты бақылауында, – деді 

Дариға Назарбаева баспасөз мәслихатында.
Айта кетсек, аз уақыттың ішінде ұлттық комиссияның 48 отырысы өткен, әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданып, 400-ден астам нормативтік-құқықтық актілер дайындалған.
Ұлттық комиссия мүшелерінің Астанадағы баспасөз мәслихаты республиканың барлық облысымен тікелей онлайн байланыста өтті. Өңір журналистері де қойған сауалдарына нақты жауап алды.

 

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.