Комиссия құрылды

Пятница, 01 Июль 2016 05:47 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4558 раз

ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ Н. БЕКНАЗАРОВТЫҢ
ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН МӘСЛИХАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Отырысты ашқан Нұрлан Құдиярұлы қалалық мәслихаттың 1-ші сессиясында қала аумағында атқарылатын қызметтердің маңыздылығына, алда тұрған міндеттерді атқаруға байланысты қалалық мәслихатта тұрақты комиссиялар құрылғандығына тоқталды. Бұл комиссия бюджет және басқару, экономикалық, әлеуметтік даму, жергілікті өзін-өзі басқару, заңдылықты сақтау, қалалық мәслихаттың құзырына жататын мәселелердi сессияларда қарауға әзiрлеу, қала аумағындағы кезек күттірмей тез арада шешімін табуды қажет ететін мәселелерді қарайтын болады. Сонымен қатар, аталған уақытша комиссия жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста болатынын және шұғыл жұмыс тобы ретінде қаламыздағы барлық келелі мәселелермен айналысатынын айтты. Өзекті мәселелер қатарында қоғамдық қауіпсіздік, жергілікті полиция қызметі, білім беру, жер мәселесі, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңадан қосылған елді мекендердің жай-күйі, қаладағы көлік қозғалысы да аталған. Қазіргі таңда аталған комиссияның жұмыс жоспары бекітілді. Комиссия мүшелері және байланыс телефондары туралы мәліметтер мәслихат сайтында көрсетілген. Алдағы уақытта атқарған жұмыстары туралы ақпараттарды да жүйелі түрде жариялап отыратын болады.

Қалалық мәслихатта құрылған уақытша комиссия қаламыздың өсіп өркендеуіне үлкен үлес қосады деп сенім білдіреміз.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.