Қазақстанның халықаралық сыйлығы тағайындалды Избранное

Среда, 12 Октябрь 2016 05:15 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4252 раз

Бұдан былай «Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» халықаралық сыйлығы табысталатын болады. Бұл туралы Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетел елшілерінен Сенім грамоталарын қабылдау кезінде айтты.

zhana-syilyk

– Қазақстан жаһандық ядролық қозғалысқа бастамашы болып, оның көшбасшысына айналғанын дүниежүзі мойындады, оны білесіздер. Осы ретте бүгін сіздерге және халқымызға тағы бір жаңа бастамамызды айта кеткім келеді. Мен арнаулы сыйлық тағайындау жөніндегі шешім қабылдадым. Бұл «Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» Қазақстанның халықаралық сыйлығы болып саналады. Биылғы тұңғыш сыйлықтың алғашқы лауреаты болып Иордания Королі Абдолла ІІ таңдалды, – деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы аталған сыйлықты беру жөніндегі арнайы комитет құрылатындығын да атап өтті. «Сол комитеттің шешімімен сыйлықты жыл сайынғы ядролық полигон жабылған 29 тамызда тапсыратын боламыз», – деді Президент.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.