2017 жылдың 27 мамыр күні сағат 10:00-де Облыстық жастар ресурстық орталығының акт залында Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін облыстық «Бозбала мен Бойжеткен» сайысы өтеді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келіп бағын сынайтын жас жеткіншектерімізді қолдауға шақырамыз.
Жастарды шабыттандыру мақсатында түрлі ақшалай жүлде қорлары қарастырылған. Бас жүлде – 300000 теңге, 1-орын – 250000 теңге, 2-орын – 200000 теңге, 3-орын – 150000 теңге. Сондай-ақ 6 жұпқа көлемі 15000 теңгені құрайтын ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Кіру тегін!