Көшет егу жұмыстары басталды

Среда, 24 Февраль 2016 05:07 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 6350 раз

Шымкентте көгалдандыру жұмыстары қолға  алынды. Қаладағы саябақтар мен гүлзарларда 1000 дана  аққайың көшеті егілді. «Жасыл қала» ЖШС-нің қызметкерлері өнім сапасын жақсарту мақсатында тыңайтқыш себу, ағаш түптерін қопсыту және ағаш қырқу жұмыстарын да бастады.


kosheteguОсы аптада «жасыл қалалықтар» жұмысқа қызу кірісті. Қазығұрт ауданының тәлімбағынан жеткізілген ақ қайың көшеттері қаланың бірнеше саябақтары мен аллеяларына отырғызылды. Мәселен, «Этносаябағында» – 645, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Нұрсәт» саябағында – 100, Бекет батыр көшесі бойындағы гүлзарда – 50, ал «Жастар» аллеясында – 150 данасы егілді. Сонымен қатар, «Нұрсәт» шағынауданындағы Сейдолла Бәйтереков гүлзарына 2500 дана раушан гүлі егілуде. «Жасыл қала» ЖШС-нің директоры Нәзира Сыбанқұлованың
айтуынша, биыл ақпан айында 1017 қарағай көшеті, ал өткен жылы қараша және желтоқсан айларында 14 мың 717 ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 16 мың 970 дана раушан гүлі егіліп, қаланың сәнін келтіруде.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА

2001 жылдан бастап журналист болып жұмыс істейді.  Бұған дейін "Сайрам ақшамы", "Отырар" телеарналары мен "Юмакс" радиосында жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап қалалық "Шымкент келбеті" газетінің тілшіcі.