Сенаторлар – Жолдау жүгімен Избранное

Пятница, 19 Октябрь 2018 03:42 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3741 раз

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңесі мүшелерімен кездесті.

DSC 8831

Елбасы Жолдауын орындау, жүзеге асыруда нақты қандай іс-шаралар атқарылмақ? Жиында осы сауалдарға жауап ізделіп, сенаторлар «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмсы сапасын арттыру» Жолдауының негізгі басымдықтарын атап берді.
– Осы аптада біраз кездесу өткіздік. Зиялы қауым өкілдері, ардагерлермен, жастармен, денсаулық сақтау, білім саласының мамандарымен жолықтық. Бұрынғы әріптестермен, ардагерлермен жүздесуіміз бізге зор серпін береді. Елбасының өңірімізге келгендегі тапсырмаларын орындауға бар күшімізді саламыз. Қала әкімдігімен бірлесе мәселелерді көтереміз, - деді Нұрлан Құдиярұлы.
Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес мүшесі Орынбай Рахманбердиевдің айтуынша, Парламент Сенаты негізінен жергілікті мәслихатпен тығыз жұмыс істейді. Партия ардагері екі азаматтың да жоғары абыройлы қызмет атқаратынына сенім білдірді.
Ал Шымкент қаласының кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Берік Бекжанов адам капиталын дамыту, еңбек заңдылығын және еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы әңгімеледі. Жиында, сондай-ақ, Үкімет тарапынан да, «Нұр Отан» партиясы тарапынан да Жолдаудағы тапсырмалар бойынша нақты жұмыстар талқыланып жатқаны айтылды.
– Қолдау білдіргендеріңізге рахмет. Шымкент қаласы ғана емес, еліміздің дамуына атсалысамыз. Биылғы Жолдауды насихаттау форматы да өзгерді. Жастармен кездескенде де көп мәселе айтылды. Жастар үшін үлкен кешенді іс-шаралар жасалып жатыр. Қаладағы жастар саясатын дамыту, цифрландыру бойынша бірқатар мәселелер көтереміз, - деді Дархан Амангелдіұлы.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бұған дейін Шымкенттің жастарымен де жүздесіп, Елбасы Жолдауындағы жастарға арналған тапсырмаларды талқылаған-ды. Халық қалаулылары жастармен етене жұмыс жасауға әзір екенін, ұсыныс-тілекке әрдайым ашық екендерін жеткізді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.