Әлеуметтік жоба жеңімпаздары анықталды Избранное

Пятница, 28 Октябрь 2016 06:17 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 4245 раз

Шымкентте «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

bebas

Шарада сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың көмегімен өмірдің қиындықтарына тап болған 250 мыңнан астам азаматқа, оның ішінде 100 мыңнан астам шын мәнінде көмекке зәру адамдарға көмек пен қолдау көрсетілгенін атап айтты.
Аймақ басшысы

Жансейіт Қансейітұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың 17%-дық үлесі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін, яғни бұл мәселелерді реттеуде өңірге артылар жауапкершіліктің жоғары екенін жеткізді. Биыл аймақтық комиссия 178 өтінішті қарастырып, 32 әлеуметтік жоба байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды.

Атап айтқанда, бірінші орын «Онлайн сурдоаударма қызметі» әлеуметтік жобасының авторы алматылық Сергей Махашевке берілсе, екінші орынды «Көкшетау қаласында және Красный Яр ауылында тұратын, қозғалыста қиыншылық көретін 1 топтағы мүгедектерге, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға үйде паллиативті көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы иеленді. Үшінші орынға «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» әлеуметтік жобасының авторы, астаналық тұрғын Анна Рыль ие болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.