2019 жылғы 15 сәуірдегі қызылшаның Шымкент қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайы туралы

Вторник, 16 Апрель 2019 00:00 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2821 раз

басшы

Қазіргі таңда әлемде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен шекаралас елдерде қызылша ауруы тіркелуде. ҚР-ның азаматтары мен қонақтарының миграциясының, яғни көші-қон салдарынан осы ауру халық арасында таралуда.

Шымкент қаласында қызылша ауруының эпидкезеңінде 830 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 609 жағдай (73,4%).

Сырқаттанушылық көбінесе егілмеген балалар арасында таралуда, бүгінгі күнге 487 жағдай (58,6%) тіркелді. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі 270 бала (32,5%) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, медициналық қарсы көрсетіліммен - 119 бала (14,5%), ата-аналардың вакцинациядан бас тарту себебінен егілмеген 96 бала (11,7%) ауырды.

Сонымен қатар, сырқаттанғандар арасында 221 ересектердің 195-і (88,2%) 40 жасқа дейінгілер. ҚР 1990 жылдары вакцинаны жеткізудің бұзылуынан, сол кездегі вакцинациялауға жататын балалар, атап айтқанда болашақ аналардың қызылшаға қарсы егілмеуі – қала тұрғындары арасында қазіргі кезде сырқаттанушылықтың өсуіне алып келді.

Тіркелген ошақтарда санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі егілмеген және қызылшаға қарсы егілгендігі туралы деректері жоқ 1832 адам егілді.

Үй және ұйымдасқан ұжымдардағы ошақтарда аурумен байланыста болғандарға медициналық бақылау, эпид көрсетіліммен егу және санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Медициналық ұйымдар медициналық персоналдардың қорғаныш заттарын қолдануда, дезинфекциялық және желдету ережелерін сақтауда. 

Қызылшаның жағдайы туралы мәселе инфекциялық аурулардың алдын алу туралы қалалық штабтың отырыстарында тыңдалды.

Бұл аурудың алдын алу үшін қызылша ауруына қарсы егумен толық қамтамасыз ету қажет.

Шымкент қаласы бойынша 28 медициналық ұйымдардың 69 егу пунктерінде жоспарлы иммундаумен қатар, қызылшаға қарсы қосымша егу 9-10 айлық балалар, 40 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер және қызылша ошақтарындағы 30 жасқа дейінгі байланыста болғандарға жүргізілуде.

Сәуір айында 01.04.-11.04.2019 жыл аралығында қосымша иммундауға жататын  9-10 айлық 4150 балалардың 1437-і (34,6%) егілді. 40 жасқа дейінгі 3162 медициналық қызметкерлердің 2198-і (69,5%) егілді.  

 

 

Шымкент қаласының

Қоғамдық денсаулық сақтау

департаментінің басшысы

Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы

Последнее изменение Пятница, 19 Апрель 2019 09:18
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.