Оқушылардың тиімді тамақтануы

Четверг, 03 Октябрь 2019 10:03 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 847 раз

Баланың дұрыс өсуі мен дамуы үшін тиімді тамақтану маңызды рөл атқарады. Дұрыс тамақтану баланың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Жақсы тамақтанатын балалардың үлгерімі жоғары болады, ал бала ағзасындағы қоректік заттардың жетіспеушілігі оқу мен көңіл-күй қабілеттеріне әсер етеді.

Фаст-фуд және басқа да «бос» калорияға бай өнімдерге қарағанда теңдестірілген ыстық таңғы ас баланың ағзасына пайдалы. Оқушылар саламатты өмір салтының негізгі қағидаларын біліп, өздері үшін қабылдауы тиіс, ал бұл тек мұғалімдердің, ата-аналардың және баланың өзінің бірлескен жұмысының нәтижесінде ғана мүмкін болады. Дәл мектеп жасында дағдылар қалыптасады. Сондықтан осы кезеңде тиімді тамақтану дағдыларына тәрбиелеуге көп көңіл бөлу қажет. Ыстық таңғы ас ішетін оқушылар оқу материалын жақсы қабылдайтыны және оқу сабақтарының соңына дейін сергек болатыны, аз шаршайтыны байқалады.

Оқушылардың тамақтық рационы теңдестірілген, әр түрлі болуы және балалар ағзасының энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс. Әрбір бала дұрыс өсуі мен дамуы үшін белгілі бір тәуліктік азық-түлік жиынтығын алуы керек, оған сүт және сүт қышқылы өнімдері, сүзбе, ірімшік, ет, балық, жұмыртқа, жарма және макарон өнімдері, өсімдік және мал майлары, көкөністер, жаңа піскен жемістер, табиғи шырындар, нан және нан-тоқаш өнімдері, жаңғақтар, кептірілген жемістер, бал, өсімдік майы кіреді.

Жемістерді негізгі тағамдардың арасында қосымша енгізу жоғары жүктеме кезінде қажет. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру - бұл әрдайым ата - аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы.

Жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға қойылатын біріздендірілген талаптарды белгілеу мақсатында Министрлік Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының үш жас ерекшелік тобының (7-10 жас, 11-14 жас және 15-18 жас) тамақтануын ұйымдастыру үшін 4 апталық ас мәзірінен тұратын «Оқушылардың тамақтануы бойынша бірыңғай стандарттар» әдістемелік ұсынымдарын әзірледі.

Әзірленген мәзірдің артықшылықтары:

- негізгі тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер және минералдық заттар) және энергия бойынша теңгерімділік;

- балалардың жас ерекшелігін ескере отырып жасау;

- әртүрлі болуы, көкөністердің, жемістердің көп болуы, балықтарды, сүт өнімдерін қосу және т. б.;

- жылдың маусымдылығын есепке алу (жаз-күз, қыс-көктем);

- дайындаудың жақсы тәсілдерін ғана қарастыру (пісіру, буда дайындау, сөндіру) болып табылады.

 

 

Шымкент қ. Тауарлар мен тауарлар мен

көрсетілетін қызметтердің сапасымен

қауіпсіздігін бақылау департаментінің

балалар және жасөспірімдер

арасында жұқпалы емес ауруларды

бақылау және қадағалау бөлімінің

жетекші маманы Ш.Ибрагимова

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.