25 отбасы азық-түлікпен қамтылды Избранное

Среда, 04 Декабрь 2019 04:43 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 904 раз

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында халықаралық мүгедектер күніне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Бұл жолы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Жалпы қала бойынша 25 отбасыға бір айлық азық-түлік табыс етілді.

306

 

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы және «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық қоры үш жақты меморандум түзген еді. Оның аясында әлеуметтік аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы қайырымдылық көрсетіледі.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қайырымдылық акциясының маңыздылығына тоқталып, 25 отбасының мүшелеріне арнайы сертификат табыс етті.

317


– Акцияның бір мақсаты – мүгедектердің әлеуметтік қорғалуына бүкіл қоғамның, мемлекеттік органдардың назарын аудару. Жалпы қайырымды қала тұрғындары ретінде, азаматтық көмек қолымызды созу әрбіріміздің міндетіміз. Мемлекет тарапынан барлық қолдаулар жасалуда. «Nur Otan» – халықтық партия. Осы жұмыстарды үйлестіру үшін үш жақты меморандум түздік. Енді бірлесе жұмыс істеуіміз керек. Мүгедектерді ортаға бейімдеу үшін көптеген жобалар қолға алынуда, – деді Бахадыр Мәделіұлы.
Қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында қоғамдық қор арнайы порталды іске қосты. Енді қаладағы осындай іс-шараларды «MEYIRIM.KZ» сайты реттеп отырады. Жиында электронды қайырымдылық порталының басшысы Шерхан Беймішов порталдың жұмысы және алдағы жоспарлары жөнінде баяндап берді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.