ХХ ғасырдың басында И.И.Мечников алғаш рет әртүрлі соматикалық аурулар, сонымен қатар қатерлі ісіктер мен белгілі бір микроорганизмдер арасында байланыс бар екендігін тұжырымдады. Бүгінгі күнде вирусты гепатит В (73 %) және С (27 %) бауыр ісігінің дамуына, Helicobacter pylori (55 %) асқазан ісігіне, ал адам папиллома вирусы – жыныс мүшелеренің ісігінің дамуына ықпал етеді.
Қауіп факторлары:
- Шылым тарту;
- Сексуалды факторлар (ерте басталған жыныстық өмір, жиі партнер алмастыру);
- Ішкі факторлар (авитаминоз, әлсіз иммунитет, стресстер)
- Қынап микрофлорасының бұзылысы, жүктілік;
- Репродуктивті факторлар (менархе, менопауза);
- Оралды контрацептивтерді ұзақ уақыт қабылдау;
Жұғу жолдары:
- Адам папиллома вирусы антропонозды қоздырғыштар тобына жатады (адамнан адамға).
- Вирус өзінің өмірге қабілеттілігін суда сақтай алады (бассейн, монша);
- Жыныстық жолмен беріледі. Ең қауіпті жас 17-25 жас аралығын құрайды, осыдан соң 35 жасқа дейін төмендеп, 35-54 жас аралығында жұқтыру жиілігі жоғарылайды.
Алдын алу:
- Салауатты өмір салтын ұстану;
- Вакцина салдыру;
- Скринингтік тексерулерден уақытында өту.
Бақдаулет Төлеген,
Шымкент қалалық салауатты
өмір салтын қалыптастыру
орталығының үйлестірушісі