МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР қандай әлеуметтік қызмет алып отыр?

Среда, 01 Июль 2020 04:48 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 151 раз

IMG 20191003 114016

Мемлекетіміздің әрбір азаматы - ұлттық құндылық, әрбір жас өрен - еліміздің ертеңі екенін ескерсек, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау, даму мүмкіндігін және оның қоғамға әлеуметтенуіне толыққанды жағдай туғызу біздің міндетіміз.

№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі - мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту, ойлау және физикалық дамуының кемшіліктерін рабилитациялау, бейімдеу, түзету болып табылады.
Орталыққа психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балалар, сондай-ақ жүйке ауруларымен ауыратын, денсаулығының жай-күйі бойынша бөгде адамның күтіміне, тұрмыстық қызмет көрсетуге және медициналық көмекке мұктаж 3-18 жас аралығындағы балалар қабылданады.
Балаларға жеке қажеттіліктеріне қарай, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет түрі бойынша медициналык, әлеуметтік жағдай жасалады. Атап айтсақ, мекеменің қызмет көрсетуге арналған әрбір бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, мұнда сынып бөлмелері, жатын, ойын бөлмелері, ем-шара бөлмелері, қолөнер және еңбек дағдыларын қалыптастыруға арналған шеберханалар, спорт залы, асхана, жуынатын бөлмелер, монша және т.б. бар. Әрбір тәрбиеленуші нормаға сәйкес, тамақпен, қажетті киім, аяқ киім, төсек, ыңғайлы жиһаз түрлерімен, керек- жарақтармен қамтылған.
Баланың жеке жай-күйін ескере отырып, оларға көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызмет, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайы күнделікті бақыланады. Медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру, дәрігерлердің тағайындауына сәйкес дәрі-дәрмек беру, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, әлеуметтік медициналық мәселелер жөнінде кеңес беру, емдік- физиологиялық жаттығуларды орындау жүзеге асырылады.
Балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілеті ескеріле отырып, ерекше балаларға оқу процесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.

 

144


ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016 жыл 24 ақпандағы №139 «Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) жасына байланысты, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері мен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын пайдалану туралы» бұйрығына сәйкес, мекеме тәрбиеленушілеріне екінші деңгейдегі банктерден жеке есеп-шоттары ашылды және келісімшарт түзілді.
Мемлекет қамқорлығындағы балаларға қосымша тамақ және ең қажетті заттарды сатып алу қажеттіліктерін айқындау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына медициналық-әлеуметтік мекеменің мамандары және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның өкілі және аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.
2020 жылдың маусымынан бастап қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, оның ішінде қолма-қол ақшаның, бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу үшін қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына қамқорлықтағы адамдардың ата-аналары мен аталған өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және қаламыздың белсенді журналистері енді.
2020 жылғы жәрдемақы мөлшері:
Бала кезінен мүгедектік жәрдемақысы 43657 теңге
1 топ мүгедектік жәрдемақысы 59872 теңге
2 топ мүгедектік жәрдемақысы 49581 теңге.

Қамқорлықтағылардың мүгедектігі бойынша белгіленген зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларының 70% (ҚБШ) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түседі. Яғни:
Бала кезінен мүгедектік жәрдемақысы 30559 теңге
1 топ мүгедектік жәрдемақысы 41910 теңге
2 топ мүгедектік жәрдемақысы 34706 теңге.

Балалардың зейнетақысының 30-% екінші деңгейдегі банктерге, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдарға түседі. Ол мына сумманы құрайды:
Бала кезінен мүгедектік жәрдемақысы 13098 теңге
1 топ мүгедектік жәрдемақысы 17962 теңге
2 топ мүгедектік жәрдемақысы 14875 теңге.

Орталықтағы тәрбиеленуші балалардың шоттарындағы зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларынан әр айда олардың қосымша тамақ, ең қажетті заттары үшін қанша қаржы жұмсалатыны айқындалып, ол қамқорлықтағылардың жеке қажеттіліктеріне жұмсалуда.
Атап айтқанда, қамқорлықтағы балалардың 2020 жылға қарастырылған ағымдағы шоттарына 30 % көлемінде түсірілген қаражаттарына қосымша тамақ және ең қажетті заттар үшін мынадай заттар сатып алынды: балалар сабыны, тіс пастасы, ылғалды салфетка, массаж майы, иіс су, құрма, дәрумендерімен байытылған сүт қышқылды өнім «Актимель», толық теңестірілген «Малоежка», маш, кептірілген итмұрын, үрме бұршақ және тағы басқа.
Мемлекеттік мекемеде арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығы және өздерінің мүддесін қорғау бойынша заңгерлік кеңес жұмыс істейді. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқорлыққа және қорғаушылыққа алу мәселелері жөніндегі кұжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету үшін заңгерлік кеңес беріледі.
Көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің нәтижесінде қызмет алушылардың динамикасында оң өзгерістер байқалып, ата-аналардың өтініші негізінде күндізгі бөлімдерге және коррекциялық білім беру мекемелеріне ауысып жатқан балалар көп.
Жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына құқықтық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік қызметтер бойынша кеңестер ұсынылып, «Ашық есік күні» өткізілді. Онда әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру және түзеу - дамыта оқытуды жүргізу үшін ұсынылатын орынжайлар көлемінің орналасуы мен конфигурациясы бойынша көрсетілетін қызметтер таныстырылды.
2019 жылдың есебі бойынша, жалпы – 183 балаға, күндізгі бөлімде - 65 балаға қызмет көрсетілді. Сондай-ақ көрсетілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізінде қызмет алушылардың динамикасында оң өзгерістер байқалып, ата-аналардың өтініші бойынша 18 жасқа толып, коррекциялық білім беру мекемелеріне көптеген балалар ауысты. Соның нәтижесінде, бала саны 8,8% пайызға азайды.
Қызмет алушылардың заңды құқығы мен бостандығын сақтауға бақылауды күшейту мақсатында орталық бейнебақылау жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,68,74 баптарына сәйкес, кәмелетке толмаған жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үй алу үшін мемлекеттік тұрғын үй қорына тіркеуге тұрғызу жүзеге асырылуда. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 32, олардың 100 пайызы тұрғын үй кезегіне қойылған.


К.АУАНАСОВА,
№6 балалар арнаулы
әлеуметтік қызметтер
көрсету орталығының
басшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.