«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ақылгөй қария болса, жазып қойған хатпен тең» дейді дана халқымыз. Себебі, қарттарын қадірлеген ел ардақты, қариясы бар ел қазыналы. Қайраты мен жігерін Отаны мен отбасына арнаған ақсақалдарымызға құрмет көрсету үлкенге құрмет, кішіге ізет деп бойына сіңірген қазақ ұрпағы үшін борыш.
Осыған орай праймеризге қатысушылар – Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының жетекшісі Жұмағали Білісбеков, «Балаларды ЖИТС-тен қорғайық» қоғамдық қорынан Жанетта Жазықбаева, Шымкент қаласының іскер әйелдер қауымдастығының жетекшісі Эльмира Созақбаева, «Асыл әлем» қоғамдық бірлестігінен Нұргүл Қобыланова, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық қорынан Сабира Байзахова, «Алтын қайшылы Ізбике ана - жастары» қоғамдық қорынан Сегізбай Өскенбай барша егде жастағы шымкенттіктерді Халықаралық қариялар күнімен құттықтайды. Сіздерге еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, аман болыңыздар, ауырмаңыздар дегіміз келеді.