Пятница, 29 Апрель 2016 05:10

Жоспарға сай жүзеге асады

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «100 нақты қадам – Ұлт Жоспарының» орындалуы барысын баяндады. Облыс әкімі  өңірімізде  ұлт жоспарын іске асыруда шұғыл және жүйелі шаралар іске асырылып жатқанын атап өтті. Әрбір бағыт бойынша жауапты орындаушылар белгіленіп, іс-шаралар жоспары әзірленді.

obl akib briphing

Облыс әкімі бүгінде облыстағы кадрлық ахуалды сараптап, өңірлік кадр саясатының 4 бағыттан тұратын жаңа стратегиясы дайындалып жатқанын жеткізді.
– Қазіргі уақытта жаңа кадр саясаты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың ең қажетті алғышарты болып отыр. Мәселен, республикамызда алғаш рет облыстың атқарушы органдары үшін Бірыңғай персоналды басқару қызметі құрылды. Сондай-ақ Әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл осы бағыттағы жұмысымыздың бастамасы ғана. Айта кету керек, өңірімізде мемлекеттік қызметке орналасу меритократия мен жариялылық қағидаттарына сәйкес болуы тұрақты бақылауда. Бос лауазымдар үшін өткізілетін конкурстардың ашық өткізілуі қалыпты жағдайға айналады, – деді Б. Атамқұлов.
Өңір басшысы екінші бағыт – заңның үстемдігін қамтамасыз ету, үшінші бағыт – индустрияландыру және экономикалық өсім, төртінші бағыт – біртектілік пен бірлік және бесінші бағыт – есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бойынша да нақты жұмыстарға тоқталып өтті.

Опубликовано в Саясат
Страница 3 из 3