Дүниежүзілік жер күніне орай ағаш екті Избранное

Среда, 24 Апрель 2024 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 177 раз

Шымкентте дүниежүзілік жер күніне орай семинар өтті. ASA жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған өткен семинарға 40-қа жуық жас қатысып, қазіргі климаттық жағдайдың бұзылуы жөнінде дәріс тыңдады. Қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәселелері және оның алдын алу туралы ой бөлісіп, түс қайта дендробақта ағаш егу дәстүрімен жалғастырды.

TalEgu

 

— Семинардың бірінші күні түске дейін қатысушылар теориялық негізде сабақтар алып, тренингтерге қатысты. Қазір ағаш егудің маңыздылығын түсініп, әр қатысушы бір-бір досын шақырып, тал екті. Семинарға шетелдік қонақтар қатысты. Жалпы, іс-шараны басқа да қалаларда ұйымдастыру жоспарланып отыр, — деді ASA жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Данара Саранова.
Іс-шара барысында дендробақ аумағына семинар қатысушылары 50-ге жуық көшет отырғызды.
Айта кетейік, Жер күнін атап өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.

Р. ЖОЛДАСОВА, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың 4-курс студенті

Последнее изменение Четверг, 02 Май 2024 12:44
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.