Оңтүстік Қазақстан облысының жастары су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету акциясын бастаған еді. 19 сәуір күні үндеу жарияланып, арнайы штаб ашылған болатын. Оған қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік тұрғындары тарапынан қаржылай және заттай гуманитарлық көмек қабылданған.

IMG 8415-02-05-17-05-09

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған штабқа 22 сөмке киім-кешек, 12 төсек-орын, 135 кг қант, 144 кг тұз, 67 қорап шай, 729 кг күріш, 120 кг қарақұмық (гречка), 10 кг асбұршақ (горох), 64 кг тары, талқан, 519 кг макарон, 10 қорап лапша, 1 тоннадан аса ұн, 6 қорап кәмпит-күлше, 314 литр күнбағыс майы, 352 дана концервіленген тағамдар, 854 м2-233 дана «Бал текстиль» кілемдері, электрлі шәйнек және қаржылай 149 500 теңге жиналған. 

IMG 8427-02-05-17-05-10

Шараға «Бізбен бірге» еріктілер мектебі және аудан, қалалардан құралған ерікті жастар атсалысуда. Гуманитарлық көмек автобусының алғашқы легі 2 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысына аттанып кетті.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстары мен 52 елдімекен су тасқынынан зардап шеккен болатын. Салдарынан 1949 үй мен 120 тас жолы су астында қалған.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 26 Апрель 2017 09:34

Елдің күші – бірлікте

Таяуда көктемгі су тасқынынан Қазақстанның 7 өңірінде: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында, 52 елдімекенге зиян келген болатын. Салдарынан 1949 үй су астында қалып, 120 тас жолын су шайып кеткен.

IMG 3703

Осыған орай, Оңтүстік жастары бей-жай қарамастан, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету акциясын бастады. Ол үшін үндеу жарияланып, арнайы штаб ашылып, аз уақыт ішінде қол ұшын берген азаматтардан қажетті заттар мен қаражаттар қабылданды.

Қазіргі уақытқа дейін 100-ге жуық азаматтардан қаржылай және заттай гуманитарлық көмек қабылданған. 

IMG 3710Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебінен құрылған арнайы штабқа бүгінгі таңда 22 сөмке киім-кешек пен азық-түлік, сондай-ақ қаржылай көмек жиналған. Бұл іске Ордабасы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі де өз үлестерін қосты. 

Сондай-ақ, Кентау қаласы мен Түркістан қаласы, Шардара ауданы мен Сарыағаш ауданы қаржылай көмек көрсетуде. Ал Мақтарал ауданы ман Қазығұрт ауданы тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікпен қамтамасыз етуге әзір.

 

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 21 Апрель 2017 06:01

Оңтүстік жұрты көмек көрсетуде

23 04 5 2.mp4 snapshot 00.35 2015.04.24 18.00.00Өңір тұрғындары еліміздегі су тасқыны болған аймақта зардап шеккендерге көмек қолын созуда. «Жастар ресурстық орталығында» өткен жиында жиналғандар қаржылай ақша жинап, облыс тұрғындарына үндеу жариялаған болатын.

Жергілікті билік пен жастардың басын қосқан алқалы жиында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мәселелері айтылды. Осындай қиын сәтте көп болып қол ұшын созайық деген қауым облыс тұрғындарына үндеу жариялады. 

Бұл қайырымдылық шарасына аймақтағы кәсіпкерлер, өндіріс ошақтары мен кәсіпорындар, түрлі мекемелермен бірге қарапайым азаматтар да өз үлесін қосуда. Қаржылай көмек беремін деушілерге арнайы есепшот та ашылған. 

– Көмекке мұқтаж бауырларымызға жәрдем беру – азаматтық парыз. Біз мұндайда ынтымақтастығымызды, ауызбіршілігімізді көрсетуіміз қажет. Екі аптаның көлемінде біздің ғимаратта жиналған заттардың барлығын жүк көлігіне тиеп, сол аймақтарға жібереміз, – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Береке Дүйсебеков.

Көмектесуге ниет білдірушілер Шымкент қаласы, Түркістан көшесі, №1, «Облыстық Жастар ресурстық» орталығы (бұрынғы С.Сейфуллин атындағы «Достық үйі») келулеріне болады. Сенбі, жексенбі күндері де, сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Бізбен бірге» қоғамдық қорының арнайы ашылған есеп-шотына қайырымдылық қаржыларыңызды аударуға болады. 

РЕКВИЗИТ: «Бізбен бірге» қоғамдық қоры, Шымкент қаласы, «Қайтпас-2» шағынауданы №34-35 «Нұр банк» АҚ Шымкент қ. филиалы БИН 150540004179 ИИК KZ4284906KZ000966548 БИК NURSKZKX КОД 18 Үйлестіруші: «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы Абай Андабаев, Байланыс телефоны: 8 7719630834, 87754040421

Опубликовано в Қоғам

Шымкент қаласында жеке тұрғын үйдегі газ-ауа қосындысы салдарынан 2 қабатты жеке тұрғын үйде жарылыс болды.Оқыс оқиға кезінде бір адам опырылып құлаған үйінді астында қалып, көз жұмды. Құтқарушылар қиранды топырақтың арасынан тағы төрт адамды шығарып алған.

Оқиға орнына жедел келіп жеткен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жергілікті БАҚ өкілдеріне зардап шеккен отбасылар үшін материалдық көмек көрсетілетінін, қосымша әлеуметтік қорғау шаралары қарастырылатынын айтты. Бұл мақсатта арнайы комиссия құрылған. Сондай-ақ, қайтыс болған отбасы мүшесі үшін қажетті жәрдем көрсетілетін болады. 

Оқыс жағдай 8 қаңтарда шамамен түнгі сағат 03.30-да Шымкент қаласында Халықтар достығы көшесінде орналасқан екіқабатты үйлердің бірінде орын алған. Апаттық-құтқару жұмыстарына ОҚО ТЖ департаменті, жедел-құтқару жасағы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары және жедел медициналық қызметінің мамандары жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары сол маңды дереу қоршауға алып, коммуналдық мекеме қызметкерлері көгілдір отын мен электр энергиясын ажыратты. 

Құлаған үй туралы хабарламаны ести салысымен бірінші боп жедел жәрдем қызметінің 13 бригада дәрігерлері келіп жетті. Құтқарушылардың келуін күтпей-ақ, олар оқиға орнында жылаған дауысы шығып жатқан сәбиді үйінді астынан шығарып алған. Құтқару жұмыстарына дәрігер Михаил Явров, Тахир Османов пен Ғалым Айтуғанов есімді фельдшерлер қатысқан. Бүлдіршіннің денесі қауіпті жарақат алмай, қирандының астынан аман шығуына бесіктің көмегі тиген, – дейді қалалық жедел жәрдем көрсету қызметі мекемесінің меңгерушісі Үрия Қалназарова.

Кешікпей оның 1987 жылы туған әкесі табылып, жедел медициналық жәрдем көрсетілді. Өкініштісі, құтқарушылар нәрестенің анасын ажалдан арашалап қала алмады. Жалпы үйінді астында бес адам қалған. Жәбірленушілер жер үйдің жанынан салынған қос қабатты шағын үйді жалдап тұрған көрінеді. Ауруханаға жеткізілген 3 адамның біреуі медициналық жәрдемнің көмегінен бас тартқан. Медицина қызметкерлері ем қабылдап жатқан өзге жандардың денсаулық жағдайы тұрақты екенін айтады.

Сала мамандары апаттың негізгі шығу себебі ретінде, табиғи газ қондырғыларының дұрыс пайдаланылмағанын болжап отыр. Тазалау жұмыстарын жүргізу барысында үйінді астынан қазіргі таңда кеңінен қолданысқа ие болып отырған Иранның «Камен» аталатын құрылғысының, сонымен қатар, электр тоғына жалғанатын құрылғылардың қалдықтары анықталған. Ендігі істің мән-жайы арнайы құрылған комиссияның зерделеу жұмыстарынан соң нақтыланбақ.


P.S. Биылғы жылу маусымында өңірде осындай келеңсіздіктердің 35 дерегі тіркеліпті. Салдарынан 91 адам зардап шеккен. Оның 34-і қайтыс болды. Өкінішке қарай, жекелеген көрсеткіштер бойынша бұл деректер өткен жылу маусымымен салыстырғанда, бірнеше есеге артқан.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 18 Ноябрь 2016 05:34

Қыстық отынмен қамтамасыз етті

Қаратау ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың бастамасымен, «Достық», «Қайтпас», «Қайнарбұлақ», «Асар», «Нұртас» шағынауданындағы 110 үйге отын жеткізілді.

IMG-20161117-WA0022

– Қаратау ауданы бойынша санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Қураған ағаштар кесілді. Оның жарамды бөлігін отынға сұрыптадық. Аудан бойынша үйіне табиғи газ қосып үлгермеген, отын алуға мүмкіндігі болмаған тұрғындар бар. Солардың өтініші бойынша, көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларға және Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне сұрыпталған отынды жеткізіп беруді жөн деп таптық, – дейді аудан әкімінің орынбасары М. Жолдасбеков.

DSC 9228

Бастаманың орындалуына жауапты әкімдік қызметкерлері Х.Салиев, О.Бәкірханов отын тасымалдау ісінің басы-қасында жүріп, қыстық отынның әр үйге жетуін қадағалады. Ал тұрғындар арасында П.Садықова, А.Байғазиева, А.Өтебаевалар Қаратау аудандық әкімдігінің қызметкерлеріне алғысын жаудырып, ерекше ризалығын білдірді.

– Әзірге 110 үйдің әрқайсысына 1 жүк машина ағаш түсіріп үлгердік. Қыстың басталуына да аз қалды. Дегенмен, тұрғындарды мүмкіндігінше отынмен қамту жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береміз, – дейді «Асар» аумағы бойынша бөлім басшысы Хамит Салиев.

Суретті түсірген М. ШАҒЫРБАЕВ

Опубликовано в Қала
Среда, 02 Ноябрь 2016 05:24

Ерен ерлікке – құрмет

Облыс әкімі Ж. Түймебаев ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болған Жомарт Сәрсенбековтың отбасына жаңа үйдің кілтін табыстады.

baspana 87

Еске сала кетсек, осы жылдың 30 мамырында Төлеби ауданының Сайрам-Өгем тау жотасындағы «Ақмешіт» тау шатқалында ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас құтқарушысы болған Жомарт Орынбасарұлы құтқару жұмыстарын жүргізу барысында биіктігі 100 м шамасындағы жартасты тік жардан құлап кетіп, мерт болған болатын. 

Марқұмның шаңырағында болған кездесуде Ж.Қансейітұлы төтенше жағдай қызметкерінің бұл әрекетін ерлікке балап, жаңа үйге көрімдік ретінде тұрмыстық техникалар сыйлады. Кәсіпкер демеушілер мен төтенше жағдай қызметкерлері сынды қайырымды азаматтардың атсалысуымен тұрғызылған үй бес бөлмелі. 

Аймақ басшысы Ж.Сәрсенбековтың артында қалған жұбайы Ұлжанға ендігі кезекте бекем болып, ұл-қыздарын жетілдіруде қайсар да қайратты болуы қажеттігін жеткізді.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 28 Октябрь 2016 05:32

Мұқтаж отбасыға үй салып берді

Шымкентте жас кәсіпкер, «Жақсылық жаса» клубының мүшесі Замира Туғанбекова бес баласы бар жалғызбасты анаға өз қаржысына салынған тұрғын үйдің кілтін табыс етті.

 jpg converted

Ұзақ жылдар бойы тұрмыс тауқыметін тартқан М. Ходжаеваға арнап үй салу Замира Туғанбекова үшін үлкен тәуекелді шешім еді. Алғашқыда кәсіпкердің қолында бар болғаны 400 мың теңге ғана болды. Сол себептен ол, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қолдауымен, мұқтаж адамдарға жәрдем көрсету мақсатында құрылған «Жақсылық жаса» клубының мүшелерімен кеңесуге бекінеді.
– Жанында көмек қолын созар жанашыр-жақыны жоқ, өзі көпбалалы, әрі мүгедек баласы бар жалғызбасты ананың жұпыны тұрмыс-тіршілігімен танысқан едім. Туыстарым мен таныстарымды қолдау көрсетуге шақырып, жоқшылықтың зардабын тартқан жанұяға қандай да бір жәрдем беруді ғана ойладым, – дейді кәсіпкер.
«Жақсылық жаса» клубы мүшелерінің іске белсенді араласуы нәтижесінде, мұқтаж отбасыға арналған үй пайдалануға берілді. Алдағы уақытта ғимараттың ішкі-сыртқы әрлеу-сырлау жұмыстары жалғасын таппақ.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 30 Сентябрь 2016 06:45

Игі істер ел тәуелсіздігіне арналды

«Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 25 игі іс» іс-шарасы аясында «Жасай бер, Қазақстан!» облыстық өнер қызметкерлерінің қайырымдылық концерті өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда ұйымдастырылған шараға қайырымдылық жасау үшін өңіріміздің ардагерлері, кәсіпкерлері мен жомарт азаматтары және аудан, қалалық әкімдіктердің, облыстық басқармалардың өкілдері, денсаулық сақтау мекемелері қатысты.

qairymdylyq

Облыстық мәдениет басқармасы ұйытқы болған кеште өңірдің күміс көмей әншілері мен мәдениет майталмандары қайырымдылық шарасына өз үлестерін қосты.
– Осы концерттік шараның аясында жиналған қаржы «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорына аударылып, медициналық көмекті қажет ететін тірек қимылы бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалардың еміне жұмсалатын болады. Жыл басынан бері облыс көлемінде аталып өткен қайырымдылық іс-шараларының нәтижесінде, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жалғызілікті қарттар, тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, мүгедек азаматтар және аз қамтылған отбасыдан 68 мыңға жуық азаматқа жалпы сомасы 31 миллион теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов.
Мұндай қайырымдылық шаралары жыл соңына дейін жалғасады.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 16 Сентябрь 2016 05:44

Бүлдіршінге қоларба сыйлады

Әл-Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері Құрбан айт мерекесіне орай, тұрмысы төмен 10 отбасыға азық-түлік таратып, сал ауруымен науқастанған 7 жасар бүлдіршінге қоларба тарту етті.

Көмекке мұқтаж жандар алғыстарын айтып, әкімдік тарапынан жиі қолдау көрсетілетінін айтты. Мәселен, осыған дейін ол отбасыларға «Мектепке жол» акциясы бойынша да көмек берілген. 

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев туғаннан сал ауруына шалдыққан Саян Бекбердиевтің отбасына арнайы барып, қоларба сыйға тартты. Саянның ата-анасы қайтыс болған. Қазір ол нағашы әжесі Әтіркүл Бекбердиеваның қолында тәрбиеленуде. 

Әл-Фараби ауданы әкімдігі тарапынан қайырымдылық іс-шаралары бұдан әрі де жалғасын таппақ.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 14 Сентябрь 2016 04:48

Балаларға күздік киім сыйлады

«Қазығұрт» шағынауданындағы «Қожадан ата» мешітінде Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен Құрбан айт мерекесі қарасаңында және «Отбасы күніне» орай қайырымдылық шарасы өтті.

9

Игі іске «Қызыл ай» қоғамдық қоры да атсалысты. Жергілікті тұрғындар арасында жетім, жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балалары сырт киіммен қамтылып, жиналған қауым түрлі сый-сияпатқа ие болды.

5

Іс-шарада Абай ауданының әкімі А.Татыбаев жиналған қауымды алдағы Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
– Елбасы саясатының арқасында бейбіт күн кешіп, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлап жатырмыз. Қашанда көк туымыз биікте желбіреп, еліміздің бақытты өмірі баянды болғай! – деді аудан әкімі.

Опубликовано в Қоғам
Страница 2 из 3