Тұрғындар мәселесі заң талабына сай шешіледі Избранное

Среда, 21 Сентябрь 2022 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 177 раз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес, бүгінде елімізде барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарларына тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істеу жүктелген.

209

 

Осыған орай, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл қабылдауды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастырды.
Қала әкімінің бірінші орынбасарының қабылдауына жалпы 10-ға жуық азамат жазылған екен. Қабылдауға келген тұрғындардың бірқатары жұмысқа орналасу, жалақы қарызын өндіру мәселелері бойынша көмек сұрады. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсету, білім беру мен мәдениет салаларын дамыту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.
Ш.Мұқан қабылдауға келген барлық азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын, талап-тілектерін мұқият тыңдап шықты. Кейбір мәселелерді құқықтық тұрғыда түсіндіріп берсе, кейбірі н жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Шыңғыс Жұмабекұлы қабылдау кезінде қозғалған барлық мәселелердің заң талаптарына сай шешілетінін жеткізді.
Айта кетейік, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның жеке қабылдауы аптаның әр жұма күнінде өткізіледі.