Толассыз жауынға төтеп берер жол бар ма? Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1374 раз

Үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновтің қаладағы шалғай шағынаудандарды аралауы жалғасуда. Бұл жолы әкім Еңбекші ауданына қарасты Маятас тұрғын алабында болып, тұрғындармен жүздесті.

240

 

Қазіргі таңда мұндағы Қ.Нысанбайұлы атындағы көше бойына ирригациялық науалар орнатылуда. Құрылыс жұмыстарының сапасы мен ауқымын межелеген қала әкімі бұған дейін берген тапсырмаларының тиянақты орындалуын қадап айтты.
– Күз болса, келіп қалды. Ауа райының қандай болатынын болжап біле алмаймыз. Сондықтан, мол жауын-шашын жауғанда келеңсіздіктің алдын алу үшін аумақтағы арыз-атыздар тиісті мерзімде салынып бітуі керек, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданындағы Тоғыс, Маятас, Бадам-1 тұрғын алаптары мен Шаңырақ шағынауданында ирригациялық жүйенің арықтары қазылуда. Жалпы ұзындығы 1,6 шақырымды құрайды. Мердігерлер екі ай бұрын бастаған жұмыс қазан айында аяқталады деп күтілуде.
Айта өтейік, 2021 жылы бір ғана Еңбекші ауданы аумағындағы 13 елдімекенде жалпы ұзындығы 3,3 шақырым болатын ирригациялық арық орнатылды. Ал биыл жауыннан тасыған су басудың алдын алу үшін ең алдымен 21 нысанға 7,3 шақырымға жететін ирригациялық жүйе салу жоспарланған. Қазіргі таңға дейін 14 мекенжайда жалпы ұзындығы 5,3 шақырым болатын арық орнатылып, жұмыс аяқталып қалды. Атап айтқанда, олар: Қарабастау, Бойыт ата, Қаратөбе, Гулабад, Қаратөбе, Наурыз, Тоғыс, Керуенсарай, Бадам-1 тұрғын алабтары, Досметов, Ш.Уәлиханов, Қызғалдақ, Теріскей, Сайрам, Өркен, Б.Момышұлы, Саяжол көшелері. Қалған 31 мекенжайға ирригациялық жүйе 2023-2025 жылдар аралығында жүргізіледі.
Ал Әл-Фараби ауданында су жиналатын 26 көше анықталып, оған ирригация жүйе жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген. Биылғы жазда қаланың орталық бөлігіндегі 19 көшенің бойында ирригациялық жүйенің құрылысы басталды. Қалған 7 көшедегі жұмыс 2023 жылға өтпелі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.