АТЫРАУЛЫҚТАР – ШЫМКЕНТТЕ Избранное

Пятница, 11 Ноябрь 2022 05:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 751 раз

Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Мақсат – Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жұмыс методикасымен танысу, әлеуметтік мекемелермен тәжірибе алмасу.

708

 

Арнайы топ құрамында Атырау облысындағы 7 ауданның әлеуметтік сала жетекшілері бар. Батысқазақстандық әріптестер алдымен қаламыздың зейнеткерлеріне қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір» орталығында болды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық ардагердің уақытын тиімді ұйымдастыруға үлес қосып отырған мекеменің жұмыс жасау әдістемесімен танысып, қызмет алушылармен тілдесті.
– «Белсенді ұзақ өмір» орталығының базасында болдық. Қариялардың белсенділігін арттыруда орны ерекше мекемені біз де өз аймағымызда ашуға ниеттіміз. Барлық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мекеменің жұмысы көңілімізден шықты, – деді Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Құралай
Тлеумағамбетова.
Арнайы топ өкілдері №4 балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және «Бақытты жанұя» мен «Тең қоғам» мекемелеріне барды. Қос тарап аймақтардағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саладағы әдістемелер туралы өзара пікір алмасты.
Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда Шымкент қаласы мен Атырау облысы арасында өзара байланыс алдағы уақытта нығая бермек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.