Үш ауысым болмайды Избранное

Среда, 30 Ноябрь 2022 05:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 772 раз

Шымкентте 2023 жылы үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешіледі. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті мәслихат депутаттарының кезекті ХХІІ сессия отырысында жасаған есебінде айтты.

18

 

–Білім беру нысандарын дамыту мақсатында 2025 жылға дейін 101 мектеп салу жоспарда. Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 2025 дейін 38 мыңға жуық орынды 25 мектепті пайдалануға береміз, -деді қала басшысы.
Айтып өтейік, былтыр шаһарда 25 мектеп пайдалануға берілсе, биыл 48 мектептің құрылысы жүргізілуде. 37 мектеп пайдалануға берілді, оның төртеуі – мемлекеттік. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-ден 3-ке дейін азайды.
Ал, «Балалар жылына» орай қалада бірқатар маңызды шаралар қолға алынды.
105 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылса,
58 мыңнан астам оқушыға мектеп формасы берілді. Сонымен қатар, қала бойынша балалардың үйірмелермен қамту көрсеткіші жан басына қаржыландыру есебінен
45 пайыздан 75 пайызға жетті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.