ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖАС ҰСТАЗ Избранное

Пятница, 09 Декабрь 2022 04:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1003 раз

«Еңбек адамы» жобасының бүгінгі кейіпкері Ерсайын Дөненбай Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша 3-орын иегері атанды. Ол – білімді ұрпақ тәрбиелеп, еліміздің дамуына сүбелі үлес қоссам деп жүрген жас ұстаз.

75

 

Қазіргі уақыт – адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Осы орайда сапалы білім мен ұлттық тәрбие беріп, саналы ұрпағына бар күш-жігерін аямайтын құрметті ұстаздардың рөлі ерекше. Білім саласында ер жігіттердің көп кездесуі көңіл қуантады. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолды таңдаған Ерсайын да – осы мамандықтың шыңынан көрінсем деген талапшыл жастың бірегейі.
Ерсайын Дөненбай еңбек жолын қаламыздағы Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта мектепте бастаған. «Дарақ бір жерде көгереді» десек, ұстаз 2017 жылдан бері білім ордасында шәкірттеріне білгенін үйретумен қатар үнемі ізденісте жүретін маман дейді, әріптестері. Педагог-психолог болып жұмыс істейтін жас маман жаңашылдығы мен керемет ұйымдастырушылық қабілетінің нәтижесінде биіктерді бағындырып жүр. Талапшы да шебер ұстаздың жаңашылдығының нәтижесінде 2021-2022 оқу жылында мектептегі оқушылардың 45 пайызы дебат клубына қатысып, бүгінде Шымкенттің намысын қорғап жүр. Атап айтсақ, Тұран университетінде өткен республикалық турнирде
Ерсайын Дөненбайдың шәкірттері екі жыл бойы үздік үштікке кірген. Биыл Ерсайын Ғалымжанұлын «Ризашылық мейірімділік бұлағы» жобасы аясында мектеп оқушылары арасында өткен «Ұшқыр ой алаңы» республикалық дебат турнирін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Жанат
Тәжиева алғыс хатпен марапаттады. Дарынды мұғалім бүгінде өз әріптестерін де пікірсайыс алаңына тартып, ұстаздар қауымы да бірқатар жетістікке жетті.
– «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында сол кілт тұру керек», деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын, – дейді Ерсайын
Ғалымжанұлы.
«Ерсайын жастығына қарамай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Оның сабақ өту тәсілі, балалармен тіл табысуы бәрімізге үлгі. Біз
Ерсайынмен мақтанамыз» дейді әріптестері.

Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.