Қала әкімі ауданға қатысты көтерілген мәселелердің осы сәтте 84-і нақты шешімін тапқанын, 6-сы жыл соңына дейін, ал 35 мәселе 2023 жылы 100% шешілетін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Шаһар басшысы қоғам талқысына түскен әрбір сұрақтың жауапсыз қалмайтынын, көтерілген мәселелерді заң аясында саралап, жауапты мамандармен зерделенетінін жеткізді.
- Сіздер көтерген әрбір мәселенің 67,2% пайызы оң шешімін тапты, алдағы уақытта да өздеріңізбен бірлесе жұмыс істейтін боламыз, - деді ол.
Кездесуге аудан тұрғындарымен бірге, басқарма басшылары мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысып, сауалдарға жауап берді.