ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Избранное

Среда, 14 Декабрь 2022 05:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1160 раз

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу аудиторлық іс-шарасы қорытындыланды.

97

 

Жиынға Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері Марат Балқыбеков, Жеңіс Сәдібеков, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Мөлдір Кеуенова, басқармаға қарасты мекемелердің өкілдері мен есепшілері қатысты.
Аудиторлық тексеру іс-шарасы Ж.Сәдібековтің басшылығымен 2022 жылдың 19 тамызы мен 14 қараша, 5 қазан және 14 қараша аралығында жүргізілген болатын. Жеңіс Жақсылықұлы басқарма және оған қарасты мекемелер басшылары тарапынан белсенді жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Жиында 2020-2021 жылы бюджет қаражатын жоспарлау, бағдарламаларды бекіту барысында бюджет қаражатын тиімді жоспарлау мәселелері талқыға түсті. Ж.Сәдібеков мемлекеттік аудит обьектілері бойынша бюджет қаржыларын жоспарлау, жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың жоспарлануына және пайдалануына бақылауды күшейту қажет екенін айтты.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.