«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Балмейір Сансызбайұлының айтуынша, ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.
–Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Бұл мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 26 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 18 орын бар. Ғимаратта 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді,- деді Б.Сансызбайұлы.
Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері №2 ХҚО-да 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.