Әр ауданда орташа есеппен голланд қызғалдақтарының 200 мың данасы отырғызылып, қалаға ерекше сән беріп тұр. Қызғалдақтар бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа да жаздық гүлдер егіледі.
Жауапты мамандардың айтуынша, күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын гүлдердің санын 2 млн данаға жеткізу жоспарланған.