АХАТ қызметі ХҚКО-да Избранное

Пятница, 30 Июнь 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1021 раз

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалында АХАТ қызметі Мемлекеттік корпорацияға өтуіне байланысты шымкенттіктердің қалай некеге тұратыны түсіндірілді.

367

 

1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтуіне қарамастан, некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ, шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ бэк-офисінде жүзеге асырылады.
– «Некені тіркеу туралы өтінішті бұрынғыдай, АХАТ бөліміне 15 күн алдын тапсыруға болады. Бірақ неке қиюды «ескі әдіспен» тіркеуден бөлек, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш берудің ыңғайлы жолы бар. Сонымен қатар, жас-жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Дәрімбет Бәйімбетов.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда туу мен өлімді тіркеу бойынша қызметтерге төлемақы алынбайды. Ақылы қызметтерге келетін болсақ, Мемлекеттік корпорация ҚҚС төлеуші болып есептеледі. Сондықтан қосымша құнына салық қосылатын болады.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандар азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызмет ақысынан босатылады. Сондай-ақ, АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететін болады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің, оның ішінде ХҚКО операторларының АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігі болмайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.