КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ 93 ПАЙЫЗЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН Избранное

Среда, 20 Сентябрь 2023 06:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 411 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың  қатысуымен өткен арнайы жиында жылу маусымының соңғы сатысындағы дайындық шаралары талқыланды.

412

 

Қазір қаладағы 23 бөлек орналасқан жылу қазандығының 20-ы қысқы маусымға дайын. Қалғандарында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Ал
Ж.Адырбеков, Т.Орынбаев көшелеріндегі 4,1 шақырым жылу желілерін және 2 сорғы станциясын қайта құру нысаны бойынша орындалғаны бүгінде 3,7 шақырым. Қазір сорғылар нысан басына жеткізілген.
Бүгінде шаһар аумағында 2 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 93 пайызы жылу маусымына дайын. Бұл бағыттағы жұмыстар 1 қазанға дейін аяқталады. Сондай-ақ 464 бюджеттік мекемеде де әзірлік шаралары аяқталып келеді. Инфрақұрылым желілерінің дайындығы да кестеге сәйкес атқарылуда. Ал №1 қазандықтағы жөндеу жұмыстары аптаның аяғына дейін аяқталады.
Жалпы қаланың 2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысы қала әкімінің тікелей бақылауында.
–Жылу қазандықтарына жауапты әрқайсыңыз тиісті нысандарды аралап, жылу жүйелерін тағы бір тексеріп шығыңыздар. Қандай да бір өзекті мәселе болса, ашық жеткізу керек. Әрбіріңізді жүктелген міндеттеріңізге жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Халықтың игілігі үшін баршамыз жұмыла жұмыс жүргізейік. Жылу маусымына дайындық жұмыстарын жеке аралап көремін, – деді мегаполис басшысы.
Жылу маусымына дайындық шараларына апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.