ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ АҚТАЛУЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕМІСІ Избранное

Среда, 04 Октябрь 2023 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 436 раз

Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов төрағалық еткен жиында комиссияның бүгінге дейінгі атқарған жұмыстары баяндалып, маңызды құжаттарға қол жеткізуде орын алып жатқан мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

522

 

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2021 жылдың 14 қаңтарында Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан саяси құғын-сүргіндер құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның құрамы және оның ережесі бекітілген болатын. Бүгінде комиссия жанынан 16 адамнан тұратын жұмысшы топ құрылып, оған ЖОО-ның ғалымдары, тарихшылар, архив қызметкерлері және аудармашылар енген.
–Біз саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауды жұмысшы топ құрылған сәттен-ақ жұмысты бастап кеткен болатынбыз. Құжаттарды зерттеу Ішкі істер департаментінің архиві мен Түркістан облыстық мемлекеттік архивінен басталды. Бүгінгі таңда ІІД құпия архивіндегі құжаттар Алматы қаласындағы ҚР Президенті архивіне ауысуына байланысты қазан айының соңында іс-сапарға баруды жоспарлап отырмыз. Бізге жолыққан күрделі мәселенің бірі – архивтегі құжаттардың төте жазумен жазылғаны еді. Комиссия құрамында осы жазуға аударма жасай алатын ғалымның болуы мәселенің біршама жеңілдегінімен, болашақтағы зерттеушілер көне құжат тілін аударуды қиналмауы үшін жоғары оқу орындарына араб, парсы, шағатай тілдерін оқыту бойынша ұсыныс бердік, - деді комиссия жетекшісі Гүлнәр Жанысбекова.
Жиын соңында тәуелсіздігімізді баянды ету жолында жазықсыз құрбандарды ақтау бағытында сүбелі еңбек еткен жұмысшы топ мүшелеріне ҚР Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Ерлан Кариннің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың алғыс хаты табысталды.