ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ Избранное

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 503 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңадан құрылған Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысы тұрғындарға атқарылар жұмыстардың негізгі басым бағыттарынан хабардар етіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады.

265

 

Алдымен аудан әкімі Боранбай Болатбеков өткен 9 айда атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Тұран ауданында 220 мыңнан аса тұрғын бар. Ауыз сумен және электр жарығымен қамту 99,5 пайыз, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 95,5 пайызды құрайды. Ауыз су және электр желісімен қамтуды келесі жылы 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Өткен жылы 17 көше жарықтандырылса, биыл 22 көшені жарықтандыру жоспарда.
Қазіргі уақытта ауданда жоспарға енген 22 көшенің 12-де жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Биыл 39 көшеге (32,3 шақырым) орташа жөндеу (асфальттау) жұмыстары жүргізілуде.
– Бұған дейін төрт ауданның тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдадым. Бүгін сіздермен танысып, көкейлеріңізде жүрген мәселелерді өздеріңізден естіп, жұмысты жүйелеу үшін келіп отырмын. Жаңадан құрылған аудан болғандықтан әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Барлық сала бойынша мәселелер кезең-кезеңімен, бюджетке байланысты шешіледі. Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан ең көп көтерілген мәселелерден хабардармын. Енді осы бағытта бірлесе жұмыс істейміз, – деді қала әкімі.
Жиында тұрғындар инфрақұрылыммен қамту, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, әлеуметтік мәселелер бойынша талап-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені тұрғындары жарықтандыру мәселесін көтерсе, Самал-1 шағынауданы тұрғындары демалыс орны қажеттігін, Ақтас шағынауданы тұрғындары балабақша, қоғамдық көлік мәселесін шешуді сұрады. Сондай-ақ, көшелерді асфальттау, атау беру, ирригация жүйелерін орнату, әлеуметтік мәселелер де айтылды.
Қала әкімі әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.