ЖАҚСЫ ЖОЛ ЖАЙЛЫ ӨМІРДІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ Избранное

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 486 раз

Сапалы әрі тегіс жолдар – мегаполистегі жайлы өмірдің ажырамас бөлігі екені баршаға аян. Жолдардың заманауи талапқа сай болуы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен шаһардағы көлік кептелісін азайтуға оң ықпал ететіні анық. Сондықтан, бүгінде Шымкент қаласының әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын дамытып, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударып отыр.

269

 

Соның айғағы ретінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 2023 жылы жалпы ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын 28 көшені асфальттап, 4,3 шақырымды құрайтын 12 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жоспарланғанын айта аламыз.
Қазіргі кезге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 25 көше орташа жөндеуден (асфальтталды) өтті. Қалған 3 көшеге асфальт төсеу үшін дайындық жүріп жатыр. Ал 12 көшеге шағал тас төселіп бітті.
Айта кетейік, биыл жалпы Шымкент қаласы аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесі 63,6 пайызды құрайды.
Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5 пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4 пайызды құрады. Биыл бұл көрсеткішті 71,2 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.
Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.